Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы Б.А. Бегалиев Ақсу қалалық сотына жұмыс сапарымен келді

Азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы Павлодар облысы Ақсу қалалық сотына жұмыс сапарымен келді. Келу барысында сот ұжымымен және сот қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

   Б.А. Бегалиев қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша облыстағы негізгі көрсеткіштер бойынша, сонымен қатар сот әділдігін асыру бойынша сандық көрсеткіштері және сапасы жөнінде ақпарат берді. Негізсіз қайтару фактілерін болдырмауға және қараусыз қалдырылған талап арыздардың санын азайтуға, татуласу тәртіптер санын көбейтуге, азаматтық істер бойынша сотқа дейінгі әзірлеуді сапалы өткізіп, істердің қаралуын 2 немесе одан көп рет кейінге қалтыруды болдырмауға ерекше көңіл аударды.

   Жеке ұйғарым мен жеке қаулы шығару арқылы профилактикалық әсер ету шараларын көбейтуге және олардың орындалуын бақылауды, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен тұлғаларды тарту және сот актілерін орындамағандарды әкімшілік жазаға тарту ұсынылды.

  Сот алқа төрағасы сот мәжіліс залдарын қарады. Ол сотта ақпараттық сервистеді, аудио, -бейнежазба құралдарын  және «Сот кабинеті» қолдану сұрақтарына ерекше көңіл аударды.

         Бүгінгі күнде Ақсу қалалық сотының барлық сот залдары автоматтандырылған ақпараттық жүйе АБЖ-мен жабдықтандырылған. Оның қолдану көрсеткіші 99,9% құрайды. Азаматтардың ыңғайлығы үшін медиация кабинеті бар

Ақсу қалалық сотының

баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 24.10

 


2017-10-24 14:27:24

Сондай-ақ оқыңыз