Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Медиация мәселелері бойынша қолданып жүрген заңнамасына ұсынылатын түзетулер талқылау үшін кәсібисіз ұйым өкілдерімен отырыс өткізілді

   Павлодар облысы Ақсу қалалық сотында сот төрайымы Қ.Ә. Темірова, судьялардың және кәсіби емес медиатор З.А. Арынов пен медиатор А.Р. Касымбековтың қатысуымен жеке санаттағы істер бойынша медиация тәртібінде сотқа дейін дауларды реттеуді енгізуіне байланысты қолданыстағы заңнамаға ұсынылған түзетулерді талқылау жөнінде жиналыс өткізді.

  Сот төрайымы Қ.Ә. Темірова, дауларды шешу және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау тетігін жетілдірудің басты бағыты – татуласу тәртібін,  оның ішінде медиация тәртібін дамыту екендігін атап көрсетті. Медиация – соттың баламасы, себебі, оның негізінде дауды реттеу, тараптарды қанағаттандыратын шешімді табу  мақсаты тұр, сондықтан медиация сұрақтары бойынша қолданыстағы заңнамаға ұсынылатын түзетулерді енгізуді медиаторлармен талқылау керек.

    Кәсіби емес медаитор З.А. Арынов қатысушылармен дауларды реттеу бойынша өз тижірибесімен бөлісіп, қолданыстағы заңнамаға ұсынылған түзетулерді қолдады. Сонымен қатар, олар уақытылы екендігін және бұл дауларды сотқа дейінгі тәртіпте көптеген сұрақтарды медиация арқылы реттеуге мүмкіншілік беретіндігін атап көрсетті.

Жиналысқа қатысушылар, ұсынылатын түзетулерді  талқылап қолдады.

Ақсу қалалық сотының

баспасөз қызметі

 


2017-10-24 12:50:43

Сондай-ақ оқыңыз