Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ата-аналық құқығынан айыру талабы медиация тәртібімен қысқартылды

    Ақсу қалалық сотымен ата-аналық құқығынан айыру талабы бойынша азаматтық ісі сот медиация тәртібімен келісім бекітілді.

Талапкер С. кәмелетке толмаған баласына қатысты  С. жауапкеріне ата-аналық құқыған айыру талабымен жүгінді.

Талап беру себебі, жауапкердің ұзақ уақыт бойы баланың асырау, тәрбиелеуіне қатыспауы, ана-аналық міндеттерін орындамауы болды.

         Азаматтық істі қарастыру барысында тараптар сотқа дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу келісімін ұсынып, бұл келісім бойынша жаупкер өз еркімен талапкердің пайдасына алимент бойынша қарызын 500 000 мың теңге көлемінде өтейді, баласымен жұмасына 1 рет 2 сағат аралығында, күндізгі уақытта талапкердің мекен-жайы бойынша кездеседі, ал талапкер оған қарсылық білдірмеуіне міндеттенеді.

         Сот, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен келісімге келгендіктен істі қысқартты, талапкерге жергілікті бюджеттен сотқа талап арызын тапсырылған үшін төленген 1135 теңге мемлекеттік баж салығы  қайтарылды. 

         Ұйғарым заң күшіне енді.

Ақсу қалалық сотының

баспасөз қызметі

 

 

 

 

2017 ж 24.10

 


2017-10-24 12:39:15

Сондай-ақ оқыңыз