Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Бөтеннің мүлкін жасырын жымқыруы медиация тәртібімен реттелді

    Павлодар облысы Ақсу қалалық сотында, К.азаматын ҚР ҚК-ң 188 бабының 1 бөлігімен, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру бойынша айыптау туралы қылмыстық ісі қаралды.

17 маусым 2017 жылы азамат К. Ақсу қаласы Б.Момыш ұлы көшесі №8   орналасқан сауда үйінен, манекенден әйлдерге арналған, 7800 тенғе бағалы П.азаматшаға тиесілі халатын құпия түрде ұрлайды.

Сот отырысы барысында, іске қатысушылар татуласқандықтан,  дауды медиация тәртібінде реттеу жөнінде қолдаухат мәлімдеді.

Сот қаулысымен  ҚР ҚК-ң 188 бабының 1 бөлігімен айыпталған азамат Т. қатысты қылмыстық іс, медиация тәртібімен қысқартылып, ҚР ҚК-ң 68 бабының 1 бөлігіне сәйкес келтірілген зиянды қалпына келтіргендіктен және жәбірленушімен татуласқандықтан, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Ақсу қалалық сотының

баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 24.10

 


2017-10-24 12:37:02

Сондай-ақ оқыңыз