Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Пәтерді сумен басу медиация тәртібімен қысқартылды

 Ақсу қалалық сотымен азаматша К. азаматша Т.  пәтерді сумен басумен келтірілген залалды өндіру жөніндегі азаматтық іс  қысқартылды.

         Талапкер өз талабын жауапкер Т. төменгі қабатындағы оның пәтерін сумен басты деп уәждеді. Пәтердің кірмесі, ас үй және үй бөлмелері сумен басып, киім және заттар су болған.

         Азаматтық ісін қарастыру барысында тараптар сотқа дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу келісімін ұсынып, бұл келісім бойынша талапкер  жауапкерлерге берген талап арызынан бас тартып, ал жауапкер, зиянды өтеуін мойнына алады.

         Сот, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен келісімге келгендіктен істі қысқартты, талапкерге жергілікті бюджеттен сотқа талап арызын тапсырылған үшін төленген 3478 теңге мемлекеттік баж салығы  қайтарылды. 

         Ұйғарым заң күшіне енбеген.

Ақсу қалалық сотының

баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

2017 ж 24.10


2017-10-24 12:30:52

Сондай-ақ оқыңыз