Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

2017 жылдың 1 жарты жылдығы бойыша соттың жұмыс нәтижесі жөнінде кеңес

Ақсу қалалық сотының төрайымы Қ.Ә.Теміровамен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуамен 2017 жылдың 1 жартыжылдағы соттың жұмыс нәтижесі бойынша қортынды жиналыс өткізілді.

Сот төрайымы Қ.Ә. Темірова сот әділдігін жүзеге асыру сапасы мен сот жұмысының нәтижесі бойынша мәлімдеді.

2017 жылдың 1 жарты жылдығында сотпен 86 қылмыстық іс, 2545 азаматтық іс, 794 әкімшілік іс және ҚР ӘҚБтК-нің 44, 45, 47 тарауы бойынша түскен арыздар мен 7 шағым қарастырылды. Көрсетілген кезең бойынша сотпен тараптардың татуласуымен  медиация тәртібінде 159 іс қысқартылды, оның ішінде 7 қылмыстық іс, 55 азаматтық іс, 97 әкімшілік іс.

Ден қою шарасы ретінде сотпен 34 жеке қаулы мен ұйғарым шығарылды, оның ішінде қылмыстық істер бойынша 3 жеке қаулы, азаматтық істер бойынша 7 жеке ұйғарым, әкімшілік істер бойынша 24 жеке қаулы.

Тергеу судьясының атқарған жұмысы бойынша - 120 материал түсті, жалпы түскен қолдаухаттар санынан 117-сі  қанағаттандырылды.

Сонымен қатар, сот белсенді түрде «Сот кабинеті» ақпараттық сервисті жұмыста пайдаланады. Ол арқылы сотқа азаматтық өндірісте қарастырылатын арыздар және барлық әкімшілік істер түседі.

Барлық сот отырыстар аудио,-бейнежазба құралдары арқылы жүргізіледі.

Жиналыс қортындысы бойынша сот төрайымы Қ.Ә.Темірова журналистердің барлық сұрақтарына түпкілікті жауап берді.


2017-07-21 11:53:55

Сондай-ақ оқыңыз