Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

«Мұрағаттық іс жүргізу» тақырыбындағы семирнар

«Мұрағаттық іс жүргізу» тақырыбындағы семирнар

   Ақсу қалалық сотында сот қызметкерлерімен  «Мұрағаттық іс жүргізу» тақырыбындағы семинар өткізілді. Онда ҚР сот  өндірісінде қалыптасқан, мемлекеттік мұрағат мекемесіне құжаттарды уақытша және тұрақты сақтауға іріктеуді қалыптастыру, есепке алу тәртібі туралы ережелер зерттелінді.  

Кеңсе меңгерушісі М.Оспанова семинарға қатысушыларға ҚР Жоғарғы сотының төрағасының өкімімен бекітілген ережелер, Жоғарғы сотының, жергілікті және басқа да соттардың мұрағатына және ҚР заңына сәйкес Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын уақытша  сақтауды жүргізетін Департаментіне және оның аумақтық бөліміне таралады.

М. Оспанова өзінің баяндамасында азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерді  және  материалдарды сақтау ережелерін, істер мен материалдарды жою мерзімі жөнінде мәлімдеді. Істерді қабылдағанда мұрағат қызметкері барлық реквизиттердің толтыруын және электронды салуларды, сонымен қатар «Төрелік» ИС-гі  есеп құжаттарды тиісті іспен қажетті байланыстырудың болуын тексеріп, соттың атқару құжаты түскеннен кейін реквезиттерді толықтырудың қажеттілігі болса, оларды толтырып қосады. Сот істері және басқа құжаттар бекітілген талаптардың бұзылуымен, ұқыпсыз рәсімделсе, мұрағатпен қабылданбайды. Істерді (жүктелімдерді) рәсімдеуге, қалыптастыруға және уақытылы уақытша сақтауға мұрағатқа тапсыруға жауапты қызметкерлер, сонымен қатар мұрағатқа жауапты қызметкерлер өз жұмыстарында құқықтарының мәртебесіне және жұмысының ерекшелігіне байланысты Ережелердің талаптарын басшылыққа алуы тиіс. Сот істері, материалдары және басқа құжаттары мұрағатта жылдар бойынша рет санымен сақталады.

Егер істер сұраныс бойынша жолданатын болса, мұрағат олардың уақытылы оралуын бақылайтынына кеңсе меңгерушісі көңіл аударды.

Сот мұрағатшысы ұқыпты, жинақты, үнемшіл болуы керек екендігін, қажеттілігіне байланысты сұраныстырды тиісті мекемелерге уақытылы жолдау  керектігін М.Оспанова көрсетті.

Қортындылай келе, мұрағатқа жауапты қызметкер Ережелерде көрсетілген талаптарлы басшылыққа алуға қажет деп нұсқау жасалды.

 

Ақсу қалалық сотының

Баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

2017 ж 06.27

 

 


2017-06-27 16:51:43

Сондай-ақ оқыңыз