Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Медиация тәртібінде қысқартылды

Медиация тәртібінде қысқартылды 

  Ақсу қалалық сотында ҚК-нің 131 бабының 1 бөлігі бойынша  адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiткені үшін азамат М. қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде жеке айыптау шағымы  қарастырылды.

07 желтоқсан 2016 жылғы басты сот талқылауында жеке айыптаушы азамат Г. ҚК-нің 131 бабының 1 бөлігімен көделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін айыпталған азамат М. қатысты қылмыстық істі татуласқандықтан қысқартуды және айыптаудан бас тарту жөнінде өтініш білдірді. 

  Сонымен қатар, тараптармен жәбірленушіне келтірілген залалды өтеу және татуласу арқылы дауды медиация тәртібінде реттеу жөнінде, сонымен қатар тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі өндіріспен қысқарту туралы келісім ұсынылды.

Сот қаулысымен М. қатысты ҚК-нің 131 бабының 1 бөлігімен айыптау жөніндегі қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Ақсу қалалық сотының

Баспасөз қызметі

 

 

 

 

2017 ж 06.27

 

 

 

 

 

 


2017-06-27 16:45:37

Сондай-ақ оқыңыз