Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Қызғаныш сезімін үшін денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруі

Қызғаныш сезімін үшін денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруі

  Ақсу қалалық сотында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес азамат О. қылмыстық ісі қаралды.

Сотта анықтағандай 2016 жылы 6 қыркүйекте сағат 19 шамасында айыпталушы О мен азамат К бірлесіп Павлодар обылысы Ақсу қаласы тұрғылықты жері бойынша Қызылжар ауылында орналасқан үйде ішімдік ішкен.

  22.45-ке жуық сағатта айыпталушы О. және Қ.үйден аулаға шығып оларға азамат Р. және Ж көлікпен келді. Айыпталушы О оларды бірге спирттік ішімдікті ішуге уйге шақырды.

2016 жылы 07 қыркүйекте 01 сағатқа жуық азамат О.Р. және Ж. Үйдін ауласына шылым шегуге шығып, азамат К сол үйде ұйықтауға қалған.

  Содан кейін мас күйінде болған  айыпталушы О. Жұбайының және азамат Р. арасында жеке қарым-қатынас болғаның ойлап,жағымсыз қылықтарымен қызғаныш сезімімен оған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруін ойлады.

 2016 жылы 07 қыркүйекте 01 сағатқа жуық азамат О. өзімен бірге болған ас үй пышағымен азамат Р-ге қасақана екі рет құрсақ қуысына және оң жақ бұйірінен пышақтады.

Айыпталушы О. қылмыстық іс-әрекетінің нәтижесінде, азамат Р. жарақатталғаннан кейін, Ақсу орталық ауруханасына жеткізілді.

Медициналық-криминалистикалық сараптама бойынша, құрсақ қуысына зақымдалуына және бауырына жарақат жасалғаның  сарапшылар қортынды жасады.

Айыпталушы О. сот отырысында кінәсін толығымен мойындады.

Үкім бойынша айыпталушы О. 106 бабының 1 бөлімімен қылмыс жасағаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақсу қалалық сотының

Баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

2017 ж 06.27

 

 

 

 


2017-06-27 16:42:24

Сондай-ақ оқыңыз