Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Ақсу қалалық сотының тарихы

Ақсу қалалық сотының тарихы

 Ермак (Қаған) аудандық халық соты 1938 жылы Қаған ауданы құрылғанымен құрылды.

1939 жылы Ермак аудандық халық соты Павлодар облыстық депутаттар Кеңесі жанындағы павлодар облыстық әділет басқармасына қарасты болды.

  1956 жылғы 04 тамыздағы КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумы «Облыстық соттардың құзіретін кеңейту туралы» Жарлық шығарды. Әділет басқармасы функциялары облыстық сотына тапсырылды.

  1960 жылға дейін Ермак аудандық халық соты учаскелік жүйе бойынша ұйымдастырылды. Мұндай учаскенің штатында халық судьясы, халық орындаушылар, кеңсе, сот орындаушы болды.

  Алғашқы күннен бастап сот жүйесі 1938 жылы 16 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңеспен қабылданған «Одақтас және автономды республикалардың сот құрылымы туралы» заңына негізделген, КСРО Конституциясымен бекітілді.

  Ермак аудандық халық сотының штаты 1970 жылы бірнеше судья, халық орындаушылары, кеңсе меңгерушісі, азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот отырысының хатшылары, сот орындаушылары мен мұрағатшыдан тұратын болды.

  Әр түрлі жылдары осы сотты В.Д. Коробков., С.А. Литута., Т.А. Омарханов., Э.Е. Кудинова., Н.А. Шалдаев., А.Т. Тұрсынбеков., В.А. Елюшкин., О.С. Черенов., Х.М. Сраилов., Е.А. Дәуренбаев. Осы адамдар облысымыздың сот жүйесінің қалыптасуына қомақты үлесін қосты, және қазіргі уақытта жас судьялармен өздерінің тәжірибелері мен ақыл-кеңестерімен бөлісуде.

Ақсу қалалық сотының штатында 13 судья, ұжымда 34 адам қызмет етуде.

  Олардың әрқайсысы ортақ іске үлесін қосып жүр, ұжымда судьялар мен мамандар арасында іскерлік қарым-қатынас пен ынтымақтастық, бір-біріне деген құрмет пен өзара бірлік орнатылған.

 

 

 

 

 

 2017 ж 06.27

 

 

 


2017-06-27 16:10:55

Сондай-ақ оқыңыз