Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Үйге кіруіне жол беру туралы

Үйге кіруіне жол беру туралы

Ақсу қалалық сотында М. жауапкер К. қатысты талап арызы бойынша, талапкердің тарабындағы даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар «Радуга-1» ПИК, «Ақсу қаласы тұрғын үй коммуналдықшаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қатыстыруымен үйге кіруіне жол беру туралы азаматтық іс қарастырылды.

Талапкер М. жауапкер К. үйге кіруіне жол беру туралы талап арызбен сотқа жүгініп, өз талабын Ақсу қаласы Камзин көшесіде тұратынын көрсетті. Оның пәтерінде лас және тат басқан су ағады, 2016 жылдың шілде айында ол үйінде суық және ыстық су құбырын ауыстырды, алайда оның судың сапалығына ықпалы тиген жоқ. Төменгі қабатта тұратын жауапкер, өз пәтеріндегі құбырды ауыстыруына кедергі жасайды. Үйге кіруіне жол бермей, дөрекі сөз сөйлеп, тіл тигізеді және күш көрсетемін деп қорқытады. Суық су құбырынан және ыстық су құбырынан лас және тат басқан су ағады, сондықтан ол спраптама өткізіп, пәтеріндегі су мемлекеттік сандарттарға сәйкес келмейтіндігі анықталды. Соттан жауапкерді су құбырын ауыстыру үшін «Радуга-1» ПИК-нің жұмыскерлеріне пәтерге кіруге жол беруге міндеттеуді сұрады.

Сотта талапкер өз талабында тұрып, оларды толық қанағаттандыруды және сот шығындарды өндіруге сұрады.

Жауапкер К. талаптарды мойындамады.

Сот шешімімен талапкер М. жауапкер К. қатысты үйге кіруіне жол беру жөніндегі талабы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді. 

Ақсу қалалық сотының

Баспасөз қызметі

 

 

 

2017 ж 06.27

 

 

 

 

 

 

 

 


2017-06-27 16:08:10

Сондай-ақ оқыңыз