Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Азаматтардың әкімшілік-құқықтық жауапкершілігі

Азаматтардың әкімшілік-құқықтық жауапкершілігі

   ҚР Президентінің жарлығымен Ақсу қаласының мамандырылған әкімшілік соты қысқартылып, 25 ақпан 2016 жылдан бастап Ақсу қалалық сотымен 1198 тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 1196 әкімшілік іс қарастырылды.

  Сот әкімшілік жаза тағайындаған кезде жеңлдететін және ауырлататын мән-жайларды ескеріп, әкімшілік жазаны құқық бұзушылық  жасаған тұлғаны тәрбиелеу, заңның талабын сақтау және құқықтық тәртіпті қадірлеу және жаңа құқықбұзушылықтарды алдын ала алу мақсатында қолданады.

  Жеке тұлғаға әкімшілік жаза тағайындау кезде жасалған әкімшілік құқық бұзушылық сипаты, кінәлінің жеке басы, сонымен қатар оның құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және содан кейінгі тәртібі, мүліктік жағдайы, жайттары ескеріледі.

  2016 жылы сотпен 1198 тұлғаға қатысты шығарылған қаулының ішінде 237 тұлғаға қатысты іс қысқартылды (оның ішіндң 104 іс медиация тәртібінде қысқартылды) 52 азаматқа ескерту жасалды, 302 азаматқа әкімшілік айыппұл, 336 азаматқа әкімшілік қамау, 266 азамат арнайы құқығынан айырылды, 5 азамат Қазақстан Республикасының шекарасынан қуылды.

  Сонымен қатар сотпен әкімшілік жаза тағайындау кезде әкімшідік жазаның қосымша шаралары қолданылды. Бұл 8 азаматқа - арнайы құқықтан айыру, 31 азаматқа - әрекет жасауға рұқсаттан айыру немесе тоқтату, сонымен қатар тізімнен шығару, 11 азаматқа – қызметін немесе оның бөлек түрін тоқтату немесе тыйым салу  және 18 азаматқа – әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттарды тәркілеу.

Ақсу қалалық сотының

Баспасөз қызметі

 

 

 

2017 ж 06.27

 


2017-06-27 16:05:40

Сондай-ақ оқыңыз