Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Көлік құралын масаң күйде басқару үшін жауапкершілік.

Көлік құралын масаң күйде басқару үшін жауапкершілік.

 

         Қазақстан Республикасының аумағында жол жүрiсiне қатысушының әрекеттері Қазақстан Републикасының Конституциясына негізделеді, 2014 жылғы 17 сәуірде қабылданған «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы  және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген жол жүрісі  қағидаларымен реттейтін.

Жол жүрiсiнің негiзгi қағидаттары: жол жүрiсiне қатысушылардың өмiрi мен денсаулығының шаруашылық қызметтiң экономикалық нәтижелерiнен басымдығы; жол жүрiсi қауiпсiздiгiнің қамтамасыз етілуі үшін мемлекет жауаптылығының жол жүрiсiне қатысушылардың жауаптылығынан басымдығы; жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету кезiнде жол жүрiсiне қатысушылар, қоғам мен мемлекет мүдделерiнiң сақталуы; жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жүйелi көзқарас болып табылады.

  Бір ең тығыз және тәжіребиде азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту кездес – уақиғалар, ол көлік құралын масаң күйде басқару, көлік құралын жүргізушілер ашырқанады, сақтамайды, соңдықтан әкімшілік және қылмыстық заңнаманың талаптарын бұзады.

«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 54 бабы 4 бөлігі 2 тармағына, Қазақстан Республикасының жол жүрісі  қағидаларының 2 тарау 4 бөлігінің 2 тармағына сәйкес масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынады.

  2016 жылдың өткен кезеңiнде Ақсу қалалық сотымен 265 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қараланды, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 608 бабы бойынша көлік құралын масаң күйде басқару үшін 265 тұлға жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 30 тұлағаға қамау түрінде тағайындалды, 235 тұлғалар көлік құралдарын басқару құқығынан 3 жылға дейін айырылған.

  Сонымен қатар көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346 бап бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.

2016 жылдың өткен кезеңiнде Ақсу қалалық сотымен 10 қылмыстық іс қараланды, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346 бабы бойынша 10  тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

  Жол жүрiсiне қатысушыларға жататын көлік құралдың жүргізуші мүдделерiнiң сақтап, жол жүрiсiне қатысушылардың, қоғамның құқықтарын бұзбауға және жол жүрiсi қауiпсiздiгiнің қамтамасыз етілуі үшін заңнаманың талаптарын бұзбау.

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 09.02


2017-02-09 08:56:58

Сондай-ақ оқыңыз