Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

БЖЗҚ туралы 5 сауал

 

  1. 1.  Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу үшін не қажет?

   Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу үшін жеке тұлға кез келген «БЖЗҚ» АҚ бөлімшесіне өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын алып келіп, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш бере алады.

Жеке зейнетақы шотын төмендегі құжаттарды тапсыра отырып, сенім білдірілген тұлға арқылы да ашуға болады:

- сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасы;

- нотариат куәландырған сенімхат түпнұсқасы не оның нотариат куәландырған көшірмесі;

- жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі.

      Бас бостандығынан айыру орындарындағы жеке тұлғаның мүддесін білдірген жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасын беруге болады.

   Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен жеке зейнетақы шотын ашу үшін МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның пайдасына МКЗЖ төлейтін агент төмендегі құжаттарды береді:

-    жарғы көшірмесі және көзбен шолу үшін оның түпнұсқасы не қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаны тіркеу туралы тіркеуші органдар қабылдаған өтініштің көшірмесі және көзбен шолу үшін оның түпнұсқасы (үлгі жарғыны ұсыну талап етілмейді);

-   мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі және көзбен шолу үшін оның түпнұсқасы. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беруге болады, бұл ретте құжаттар топтамасына анықтаманың түпнұсқасы қосылады;

-   үшінші тұлғаларға МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу туралы өтінішке қол қою өкілеттігімен агент берген сенімхат түпнұсқасы не оның нотариат куәландырған көшірмесі;

-  МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу туралы өтінішке қол қоюға өкілеттігі бар үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);

-   агенттің банк деректемелері: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), банк сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), бенефициар коды (БеК).

 

     2. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша шарт жасау үшін не қажет?

          Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – салымшының БЖЗҚ-ға немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына өз еркімен салатын ақшасы. Ерікті жарналарды өзің үшін де, үшінші тұлғалар үшін де, мысалы, өз жақындарыңның пайдасына салуға болады немесе жұмыс беруші өз қызметкерлерінің пайдасына сала алады.

   ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты өз пайдасына жасау үшін салымшы жеке басын куәландыратын құжатты беру керек (көшірмесі және көзбен шолу үшін түпнұсқасы). Егер шартты жеке тұлға үшінші тұлғаның пайдасына жасаса, жеке басты куәландыратын құжатты (көшірмесі және түпнұсқасы) салымшы да, алушы да береді.

Үшінші тұлғаның пайдасына шарт жасау үшін заңды тұлға салымшы төмендегі құжаттарды береді:

заңды тұлға жарғысының нотариат куәландырған көшірмесі және лицензия (егер салымшы қызметіне лицензия берілетін болса);

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе БСН көрсетілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі;

заңды тұлғаның бірінші басшысының өкілеттігін (мәртебесін) растайтын құжат;

заңды тұлға атынан шартқа қол қою өкілеттігі көрсетілген заңды тұлға сенімхатының түпнұсқасы;

заңды тұлға атынан шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасы;

заңды тұлға құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттардың заңды тұлға куәландырған көшірмелері (акционерлік қоғамдардың құжаттары, сондай-ақ шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімін тіркеуші жүргізетін шаруашылық серіктестік құрылтайшыларының құжаттары қосылмайды).

Алушы жеке басын куәландыратын құжат береді (түпнұсқа).

     ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты кәмелетке толмаған азаматтар да жасай алады. Бұл жағдайда, 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлғаның атынан әрекет ететін заңды тұлға төмендегі құжаттарды береді:

        1) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігі (түпнұсқа);

        2) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);

           3) ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат (түпнұсқа) – қорғаншы тағайындалғаны туралы анықтама/баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт.

Мұндайда шартқа заңды өкіл қол қояды.

            14 жастан бастап 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлға шартты заңды өкілдің жазбаша келісімімен өз бетінше жасайды және төмендегі құжаттарды береді:

         14 жастан бастап 16 жасқа дейін:

         кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігі (түпнұсқа);

заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);

         ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат (түпнұсқа) – қорғаншы тағайындалғаны туралы анықтама не баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт.

         Кәмелетке толмаған тұлғаның (туған күні 2007 жылғы тамызға дейін) туу туралы куәлігінде  ЖСН деректемелері болмаған жағдайда, туу туралы куәлікке қосымша ЖСН тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын не Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатының түпнұсқасын беру қажет;

         16 жастан бастап 18 жасқа дейін:

  кәмелетке толмаған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) және кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігі (түпнұсқа);

          заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);

         ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат (түпнұсқа) – қорғаншы тағайындалғаны туралы анықтама не баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт.

        ЕЗЖ мөлшерлемесі, оны төлеу және кейіннен ЕЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Павлодар облыстық филиалы Ақсу қаласының халыққа қызмет көрсету орталығының бастығы

Л.М. Икласова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 ж 19.09.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2016-09-20 10:41:25

Сондай-ақ оқыңыз