Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 2016 жылдың бақылау жұмыстарының нәтижелері.

         Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының

          2016 жылдың  бақылау жұмыстарының  нәтижелері

 

   Салық түсімдерін ұлғайту резертерінің бірі уақытылы салықтық әкімшілендіру жұмыстарын жүргізу болып табылады, салықтық әкімшілендірудің бір саласы – салықтық тексеру жүргізу.

      2016 жылда аймақтық мемлекеттік кірістер басқармасымен тіркеу есебінде қою, алкоголь өнімің  сатуға лицензияның болуы, бақылау –кассалық  машиналардың және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың ( құрылғының) болуы,  бақылау – кассалық машиналарың пайдалану туралы сұрақтар бойынша жеке қәсіпкерлер, заңды және жеке тұлғаларға қатысты 166 тақырыптық тексерістер өткізілді.

   Тексерістер нәтижесінде салықтық заңңаманың бұзу 186 фактісі анықталды, әкімшілік айыппұл құны 1930,1 мың тенге.

     Жекелеген сұрақтар бойынша тақырыптық тексерістер өткізу кезінде алкоголь өнімің лицензиясыз сату 11 факт анықталды, сонымен қатар  мемлекеттік кірістер органында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде болмай алкоголь өнімін сату белгіленді.

     Жеке тұлға Г. Ақсу қаласының бір ауылдық аймақта  мемлекеттік кірістер органында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде болмай алкоголь өнімін сатумен айналасқан, әкімшілік материал Ақсу қаласының сотына жолданып, сот Қаулысымен айыппұл салынды және алкоголь өнімі тәркіленді.

    Тексеріс кезінде, алкоголь өнімі айналымы бойынша бұзушылықтар анықталды (акциздік және есепке алу-бақылау маркасыз, алкоголь өніміне ілеспе құжаттарысыз алкоголь өнімін сату), бұл бұзушылықтар үшін сотпен  75 АЕК бастап (159075 тенге) 150 АЕК (318150 тенге) шамасында айыппұл салынады, алкоголь өнімі тәркіленеді және лицензияның күші жойылады.

     Барлығы алкоголь өнімі айналымы бойынша бұзушылықтар үшін сотпен 1908,9 мын.тенгеге айыппұл салынып, алкоголь өнімдері тәркіленді және лицензиялардың күші жойылды.

    Жеке қәсіпкер Ақсу қаласының бір дүкенінде кәсіпкерлік қызметпен айналаскан, тақырыптық тексеріс кезінде алкоголь өнімін лицензиясыз сату анықталды, 7 мың бөтелке 2 млн. тенге сомасында алынды. ЖК іс-әрекеттінде қылмыстық іс болғандықтан Ақсу қалалық сотпен 1 жыл 6 ай мерзімге еркіндігін шектеуге, сонымен қатар осы уақытқа кәсіпкерлік қызметпен айналасуға құқығы жойылды деп Үкім шығарылды.

     2016 жылдың 01 қаңтарынан, автомобильдер мен мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету; көтерме және бөлшек сауда;қонақүйлердің қызмет көрсетуі;мейрамхана қызметтерін көрсету, тамақтануды ұйымдастырудың өзге де түрлері мен сусындар беру; әуе және теміржол көлігіне жол жүру құжаттарын (билеттерді), багаж және жүк-багаж түбіртектерін сату; жүктерді көліктік өңдеу, қоймаға жинау мен сақтау жөнінде қызмет көрсету, тасымалдау жөніндегі қосымша көрсетілетін қызметтер мен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтер; туризм саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынатын туристік операторлардың және өзге де ұйымдардың қызметі (туристік агенттерден басқа); сақтандыру саласындағы қызмет; денсаулық сақтау саласындағы қызмет; білім беру саласындағы қызмет; кинофильмдерді, бейне және телевизиялық бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет, кинофильмдерді көрсету; фитнес, спорттық клубтар, дискотекалар қызметі; құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет; боулинг (кегельбан) және бильярд бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) POS-терминал қолдану қажет.

   Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер  басқармасы 2016 жылдың басынан 130 салықтық тақырыптық тексерулер өткізді, барлық жағдайда POS-терминалдың жоқтығы анықталды, ҚР «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының 39-бабының 4-тармағы бұзылды. Салық төлеушілер ҚР ӘБтК 195 бабыңа сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  Осыған орай  түсіну керек, қәсіпкерліқ қызмет көрсететін әрбір салық төлеуші жауапты және міндетті болып, сонымен қатар Қазақстанның бизнес – ортасын жақсаруына үлес қосады.

 

                            Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

 

 

 

 

 

2017 ж 18.01

 


2017-01-18 19:02:56

Сондай-ақ оқыңыз