Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

 

Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақытында төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда, төлемдер мен салықтар бойынша берешек пайда болады. Салықтар жанә бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек салық міндеттемелерін уақтылы орындауды қамтамасыз етудің келесі тәсілдерімен қалпына келтіріледі:

1) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің төленбеген сомасына өсімпұлды есепке жазу;

2) салық төлеуші (салық агенті) –адамның банктік шоттары (корреспонденттiкті қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

3) салық төлеуші (салық агенті) – адамның кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

4) салық төлеуші (салық агенті) –адамның мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банктік шоттарға теңестіріледі, ал бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.


2020-03-30 16:25:38

Сондай-ақ оқыңыз