Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу ережесінің құжат айналымы.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына сәйкес 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына тауарларды әкелу кезінде, сондай-ақ ҚР аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТIЖ) ресімдеу бойынша міндеттемелер туындайды.

Бұл ретте ЕАЭО аумағынан тауарларды әкелу кезінде ТIЖ ҚР Мемлекеттік шекарасынан өткен күннің алдындағы күннен кешіктірмей импорттаушының ресімдеуіне жатады.

Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мемлекеттер-мүшелерінің аумағына тауарларды әкету кезінде жылжыту, іске асыру және (немесе) тауарларды тиеу күнінен кешіктірмей экспорттаушы ТIЖ ресімдейді.

ТIЖ-мен жұмыс істеу жөніндегі материалдар ҚР ҚМ МКК порталында келесі жолмен жаряланған:

 

тiж-мен жұмыс істеу жөніндегі материалдар қр қм мкк порталында келесі жолмен жаряланған:

 тіж ресімдеу ережесі және олардың құжат айналымы, тiж-ның техникалық сипаттамасы: http://kgd.gov.kz/ru/content/soprovoditelnaya-nakladnaya-na-tovary-1;

 тіж-мен жұмыс бойынша пайдаланушының нұсқаулығы: http://kgd.gov.kz/ru/content/informacionnye-materialy-po-sisteme-1. 

ЭШФ АЖ-де СНТ-мен жұмыс істеу бойынша іске асылырған web-интерфейс тестілік стенде https://esf-test.kgd.gov.kz:9443/esf-web/login/  қол жетімді.


2020-03-06 15:26:34

Сондай-ақ оқыңыз