Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Жеке тұлғаның жеке табыс салығын есептеу кезінде қолданылатын салық шегерімдері»

 

2017 жылғы 25 желтоқсанындағы № 120-VI ҚРЗ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі Салық кодексі) 342 бабына сәйкес жеке табыс салығын есептеу кезінде жеке тұлғаның мынадай салықтық шегерім түрлерін қолдануға құқығы бар:

1) міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерім – Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде;

2) зейнетақы төлемдерімен жинақ сақтандыру шарттары бойынша салықтық шегерім;

3) стандартты салықтық шегерімдер;

4) өзге салықтық шегерімдер, олар:

ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімді;

медицинаға арналған салықтық шегерімді;

сыйақылар бойынша салықтық шегерімді қамтиды.

Салық шегерімдері салық шегерімдерін қолдану құқығын растайтын құжаттардың негізінде қолданылады. Мұндай құжаттардың түпнұсқалары жеке тұлғада талап қою мерзімі ішінде сақталады.

 


2020-02-27 15:59:23

Сондай-ақ оқыңыз