Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Камералдық бақылау - салықтық әқімшілендірудің түрі

 

Салық төлеушi (салық агенті) ұсынған салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негiзiнде салық органдары жүзеге асыратын бақылау камералдық бақылау болып табылады.

Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Салық органдарында тіркеу есебіне қою және (немесе) сәйкес салықтық есептілікті ұсыну және (немесе) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу арқылы салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық төлеушіге дербес жою құқығын беру камералдық бақылаудың мақсаты болып табылады.

Камералдық бақылау белгіленген осындай кезең үшін салықтық есептілікті ұсыну мерзімі өткеннен кейін тиісті салықтық кезең үшін жүргізіледі, ережелер ескеріле отырып, талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде жүзеге асырылады.

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:

 тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама ресiмделедi.        

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол тапсырылған (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

1) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда – салық төлеушінің (салық агентінің) анықталған бұзушылықтарды:

салық органдарында тіркеу есебіне қою;

анықталған бұзушылықтар жататын салықтық кезең үшін хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну;

салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтару туралы талабы бойынша бұрын бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығының сомасын бюджетке төлеу, сондай-ақ салық төлеушіге осындай сомаларды аударған күннен бастап әрбір күн үшін көрсетілген мөлшерде өсімпұл төлеу арқылы жоюы;

2) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда –  жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына анықталған бұзушылықтар бойынша түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауы болып танылады.

Түсінікте:

салық төлеушінің (салық агентінің) түсінікке қол қойған күні;

түсінікті ұсынған адамның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не тұлғаның толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;

камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органының атауы;

түсінік ұсынылатын хабарламаның нөмірі мен күні;

түсінікті ұсынған адамның келіспеуіне негіздер және дәлелдемелер болып табылатын мән-жайлар көрсетілуге тиіс.

Хабарлама орындалмаған деп танылған жағдайда, салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешiм шығарады және оны салық төлеушiге мынадай тәсілдерінің бірімен( хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы; электрондық тәсілмен веб-қосымшаға немесе пайдаланушының "электрондық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинетіне жібереді; оны салық төлеушіге қолын қойдыра отырып табыс етеді.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау,  салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға алып келеді.кезектен тыс тақырыптық салықтық тексеру өткізу; мемлекеттік кірістер органының және оның лауазымдық тұлғаларының заңды талаптарын орындамау үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Әрбір салық төлеуші салықтық декларацияда көрсетілген дұрыстығы  және толықтығы үшін жауапты.

Құрметті салық төлеуші, осыған орай, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны уақытында салық есептілігін және түсініктеме беруінізді сұраймыз.

 

       

 

 


2020-02-19 15:56:42

Сондай-ақ оқыңыз