Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға тұрғын үйлерді жалға (жалдауға) беретін жеке тұлғалардың мәліметіне! Құрметті салық төлеушілер!

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабына сәйкес заңды түрде белгіленген салықтарды төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.

Егер сіз тұрғын үйді жалға (жалдауға) беруден кіріс алсаңыз, онда осы кірістен салық төлеуге міндеттісіз.

Ұсынылған нұсқалардың біреуі бойынша салық төлеудің тетігін өзбетінше таңдау құқығыңыз бар екендігін сіздің мәліметіңізге жеткіземіз.

I - нұсқа. Жалға беруші – жеке кәсіпкер, яғни сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркеле аласыз .

Қазіргі уақытта жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің хабарландырылатын тәртібі бар. Салық кодексінің 79-бабына сәйкес жеке кәсіпкер ретінде тіркелушілік есепке қою үшін жеке тұлға салық органына Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарландырулар туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте хабарландыру жібереді. Бұл ретте жеке кәсіпкер ретінде тіркелушілік есепке қойған күні арнайы салық режимін таңдауы тиіс.

1)                    Патент негізінде арнайы салық режимі. Режимді осы түрін қолдану жағдайының бірі жалдамалы жұмыскерлердің жоқтығы болып табылады, сондай-ақ бір жыл ішіндегі табысы 3 528-есе мөлшердегі АЕК-тен (2020 жылғы АЕК 2 651 теңге) немесе 9 352 728 теңгеден аспауы тиіс. Жеке табыс салығын есептеу салық салу объектісіне 1% ставка қолдану жолымен жүргізіледі;

2)                    Оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнайы салық режимі. Жарты жылдың ішіндегі кірісі  24 038-есе мөлшердегі АЕК-тен (2020 жылғы АЕК 2 651 теңге) немесе 63 724 738 теңгеден аспауы тиіс. Жеке табыс салығын есептеу салық салу объектісіне 3% ставка қолдану жолымен жүргізіледі;

Бұл ретте сіз белгіленген мерзімде салықтық есеп беруді ұсынуыңыз, салықтарды, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды (зейнетақы есептеулерін, әлеуметтік есептеулерді және медициналық сақтандыруға аударымдарды) есептеуіңіз және төлеуіңіз қажет.

Еңбек етуге қабілетті жастағы тұлғаларға арналған артықшылықтар – зейнетақы өтілі саналады, зейнетақымен қамтамасыз етуге, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға кепілдік беріледі.

Зейнеткерлерге арналған артықшылықтар – салық салынбайтын төлем көздерінен тек жеке табыс салығын ғана төлеу (патент негізінде арнайы салқ режимін қолданған кезде кіріс сомасынан 1% мөлшерінде немесе салық салынбайтын төлем көздерінен және әлеуметтік салықтан жеке табыс салығы 1,5 %-дан) салықтардың  3%-ы).

II - нұсқа. Жалға беруші – жылдың қорытындысы бойынша жеке табыс салығы (бұдан әрі – ЖТС)  бойынша мағлұмдама ұсынатын жеке тұлға, яғни сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуіңізге, тек жеке тұлға ретінде жылына бір рет алынған кірісті декларациялауыңызға және алынған кірістен 10% мөлшерінде салық төлеуді жүргізуге болады.

Егер сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркелгіңіз келмесе, онда кіріс алынған жылдың қорытындысы бойынша Сіз тұрғылықты жеріңіз (тіркелген жеріңіз) бойынша 31 наурызға дейін салық органына ЖТС бойынша (нысан 240.00) Декларацияны ұсынуыңыз қажет болады. Бұндай жағдайда ЖТС ставкасы күнтізбелік жылда алынған бүкіл кірістен, жылжымайтын мүлікті жалға (жалдауға) беруден 10% мөлшерінде құрайды.

Артықшылықтар – есеп берушілікті ұсыну және есептелген салықты төлеу жылына бір рет.

 

IIІ-нұсқа. Жалға беруші – жеке тұлға бірыңғай жиынтық төлемді төлеуді жүзеге асырмайтын жеке кәсіпкер болып табылмайды.

Бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі - БЖТ) төлеушілер ретінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, біруақытта келесі жағдайларға сәйкес келетін жеке тұлғалар:  

1) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;

2) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

3) салық агенттері болып табылмайтын тек жеке тұлғаларға ғана қызметтерді көрсететін және (немесе) салық агенттері болып табылмайтын тек жеке тұлғаларға ғана акцизделетін өнімдерді қоспағанда, өзіндік өндірісінің жеке қосалқы шаруашылығының (ЖҚШ) ауылшаруашылық өнімдерін сататын.

БЖТ төлеушінің кірісінің мөлшері күнтізбелік жыл ішінде 1175-есе мөлшеріндегі АЕК-тен немесе 3 114 925 теңгеден (2020 жылдың АЕК 2 651 теңге) аспауы тиіс.

Білу маңызды!

Жеке тұлғалар осындай төлемді төлеуді жүргізген күннен бастап БЖТ төлеу жүргізілген айдың соңғы күніне дейін БЖТ төлеушілер болып танылады. БЖТ-ға жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің сомасынан төлеуге жататындар кіреді.

БЖТ төлеу жұмыспен қамтылған жеке тұлғаларға мыналарға мүмкіндік береді:

ü Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуға;

ü Зейнетақы жинақтауларын жүргізуге және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай базалық зейнетақы төлемін алуға құқық береді;

ü Еңбекке қабілеттігін жоғалтқан, жұмысынан айырылған, асыраушысынан айырылған,  жүктілік пен бала туу, баланы асырап алу, 1 жасқа дейін баланы күту жағдайларында әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік береді.

Бір айға БЖТ сомасы — республикалық және облыстық маңыздағы қалаларда, астанада, - 1 АЕК немесе 2 651 теңгені,  басқа елді мекендерде - 0,5 АЕК немесе 1 326 теңгені құрайды және автоматты түрде үлестіріледі! Яғни жеке тұлғаға төлемдер бойынша соманы өз бетінше бөлудің керегі жоқ.

ü ЖТС (бюджетке 10%);

ü әлеуметтік аударымдар (ӘСМҚӘА 20%);

ü зейнетақы аударымдары (БЖЗЗҚ 30%);

ü міндеттімедициналықсақтандыруаясындабарлықмедициналыққызметтүрлерінеқ аударымдар (МӘ-МСҚА 40%).

         БЖТ сомаларын енгізу және аудару үшін Мемлекеттік корпорациямен ағымдағы есепшот ашылды:

Атауы

Жаңа деректемелер

Бенефициар

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҰАҚ

Бенефициар банкі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҰАҚ

Бенефициар БИН

БИН 160440007161

 

Бенефициара БИК

БИК GCVPKZ2A

 

Бенефициар ИИК

KZ47009ESP0163609911

 

Артықшылықтар - зейнетақы өтілі саналады, зейнетақымен қамтамасыз етуге, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға кепілдік беріледі.

салықтық есеп берушілік ұсынылмайды, БЖТ сомасы алынған кіріс мөлшеріне байланысты болмайды  (бастысы күнтізбелік жыл ішіндегі кірісі 1175-есе мөлшедегі АЕК-тен немесе 2020 жылы  3 114 925 теңгеден аспауы тиіс).

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмау үшін пәтерлерін жалға (жалдауға) беретін барлық жеке тұлғаларды өздерінің салықтық міндеттемелерін адал орындауға шақырады.

Қорытындылай келе, халықтан пәтерлерді жалға беретін тұлғалар туралы тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына кез келген ақпаратты ұсыну туралы өтініш жолдаймыз.

 

Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 


2020-02-14 18:43:43

Сондай-ақ оқыңыз