Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

МКО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыс

 

Біздің мемлекетіміз, әлемнің басқа да көптеген елдері сияқты сыбайлас жемқорлықтың алдыналу және жою бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Қазақстан сыбайласжемқорлыққа қарсы заңнаманық абылдаған және осы мәселе бойынша халықаралық конвенцияларға қосылған ТМД-ның алғашқы мемлекеттерінің бірі.

  Қазіргі уақытта Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту жолы мен Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі, сондай-ақ жауапкершіліктің басталу шарттары.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдайтын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылатын мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды рөл атқарады. Сыбайлас жемқорлық тиімді жұмыс істеуін бұзуы және Мемлекеттік кіріс органдарының өз функцияларын орындау мүмкіндіктерін әлсіретуі мүмкін. Сондықтан Мемлекеттік кірістер органдарындағы қызметтің басым бағыттарының бірі сыбайласжемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мәселелері болып табылады.

Жүргізілген жұмыстың тиімділігі үшін жыл сайын мемлекеттік кірістер органдарында сыбайласжемқорлық көріністерін шектеуге бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылуда, сондай-ақ тұрақты негізде сенім телефондары жұмыс істейді.   Көзделге шараларды іске асыру мемлекеттік органдар мен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметін жандандыруға, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаудың басымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының лауазымдық міндеттерін атқару кезінде заңсыз әрекеттері мен әрекетсіздіктері туралы Сізге келесі сенім телефон нөмірі бойынша хабарлауыңыз қажет: Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде телефон нөмірі-32-08-60. Қосымша ақпаратты Мемлекеттік кірістер департаментінің ресми сайтынан ала аласыз– www. pvl.kgd.gov.kz;  twitter – Павлодар облысыбойынша МКД; facebook – Павлодар облысыбойынша МКД;  instagram –  dgd_Pavlodar

 

                             Павлодар облысы бойынша МКД Ақсу қаласы бойынша МКБ


2020-02-06 19:10:45

Сондай-ақ оқыңыз