Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Жалған кәсіпорын деп танылған немесе тіркелуі жарамсыз деп танылған салық төлеушілердің контрагенттеріне ықпал ету шараларын қолдану

Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы,жалған кәсіпорын деп танылған немесе тіркелуі жарамсыз деп танылған салық төлеушілердің қызметі нәтижесінде мемлекетке зиян келтіріп, осыған орай олардын контрагентілеріне салық төлеуге ыкпал етуде жұмыс жүргізеді.

     Жалған кәсіпкерлікке қарсы әрекет, мемлекет басшысының тапсырмасынан шығатын, «көленкелі» экономикаға  қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары.

    Жалған кәсіпкерлік деңгейінің артуы алдымен экономиканы құлдыратады, себебі бұл іштей білдірмей құрттай мүжи беретін қауіп.

     Сол себепті де, жалған кәсіпкерлікке қарсы іс-қимыл мен салықтардың толық төленуін қамтамасыз ету салық органдары қызметінің негізгі басымдықтары болып табылады.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) жалған кәсіпкерлікке ерекше назар бөлінген.

       Салық кодексінің 403 бабыңа сәйкес, қосылған құн салығының сомасы соттың үкімінде немесе қаулысында көрсетілмеген салық төлеушімен жасалған не сот азаматтық-құқықтық тәртіппен жарамды деп таныған мәмілелер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомаларын қоспағанда, соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша есепке жатқызылмайды.

      Салық кодексінің 264 бабыңа сәйкес,   соттың үкімінде немесе қаулысында көрсетілмеген салық төлеушілермен жасалған не сот

азаматтық-құқықтық тәртіппен жарамды деп таныған мәмілелер бойынша шығыстарды қоспағанда,соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша сот қылмыстық деп анықтаған әрекет басталған күннен бастап жүргізілген шығындары шегерімге жатпайды.

        Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің  Салық комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12.11. №692  бұйрығымен бекітілген  Регламент  салық қызметі органдарының жалған кәсіпорын деп танылған немесе тіркелуі жарамсыз деп танылған салық төлеушілерге қатысты материалдарды ұсыну, сараптамадан өткізу және Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Салық комитетінің ресми сайтына орналастыру бойынша өзара әрекет ету және де жалған кәсіпорын контрагенттеріне ықпал ету шараларын қолдану бойынша бірегей тәртіпті анықтайды.

 

 

          Жалған кәсіпорын деп танылған немесе тіркелуі жарамсыз деп танылған салық төлеушілерге қатысты жұмыстардың нақтылығы үшін, 2012 жылдың 1 қазанынан  Салық комитетімен «қолды»  камералдық бақылаудан  автоматтандырылған камералдық бақылауға ауыстырылды.

          Жалған кәсіпорын деп танылған немесе тіркелуі жарамсыз деп танылған салық төлеушілерге камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар «Бірыңғай деректер қоймасы» ақпараттық жүйесіне жолданады, осы  іс жұмысты  автоматтандыру және оңалтуға әкелді, сонымен қатар адам факторын азайтады. 

           Регламентке сәйкес, жалған кәсіпорын деп танылған немесе тіркелуі жарамсыз деп танылған салық төлеушіге қатысты ақпарат ҚР ҚМ МКК web ресурс (портал kgd.gov.kz ) орналасқан күннен бастап 2 жұмыс күнде  уақытында «Бірыңғай деректер қоймасы» ақпараттық жүйесінде автоматтандырылған  жіберу  жүзеге асырылады.

         ҚҚС бойынша камералдық бақылау жіберуі өткен мерзімге және кезеңдік болса, жалған кәсіпорын деп танылған немесе тіркелуі жарамсыз деп танылған салық төлеушілерге қатысты ақпарат ҚР ҚМ МКК сайтында  орналасқаннан кейін камералдық бақылау жіберуі жүзеге асырылады. 

Салық төлеушiге (салық агентiне) электрондық тәсiлмен жiберiлген         Хабарлама веб–қосымшасына салық қызметi органы жіберген күннен бастап тапсырылды деп есептеледi, егер 30 жұмыс күн ішінде анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңі үшін салық есептілік тапсырылмаса, осы салық төлеушіге қатысты салықтық тексеру жүргізіледі.

           Егер салық төлеушінің орналасқан жері бойынша жоқ болуына байланысты почта немесе өзге де байланыс ұйымы  Хабарламаны қайтарған жағдайда ҚҚС бойынша есептен шығару үшін, салық зерттеуін жүргізеді, акт жасалады.

     Салық төлеушінің орналасқан жері бойынша ол көрсеткен тіркеу дерегінде жоқ болған жағдайда,  банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтатылады.

       Жалған кәсіпорын деп танылған немесе тіркелуі жарамсыз деп танылған салық төлеушілердін контрагентері салықтық міңдеттемелерін орындамау мақсатыңда, көптеген іс-қимыл қолданады:

• қосымша салықтық есептілігін азайтуға,немесе қөбейтуге тапсыру;

• шот - фактураларды  ауыстыру;

• басқа аумақтағы салық органдарына тіркеуге ауысу.

 

 

      Қосымша салықтық есептілігін азайтуға,немесе қөбейтуге тапсырған нәтижесінде қосымша есептелген салықты жоюға әкелген кезде, шот - фактураларды  ауыстыру туралы материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін экономикалық тергеу қызметіне жолданады.

      Жалған кәсіпорын деп танылған немесе тіркелуі жарамсыз деп танылған салық төлеушілердін контрагентері басқа аумақтағы салық органдарына тіркеуге ауысқан кезде, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау  жіне оларға шара қолдану үшін, электрондық таратылым арқылы осы мемлекеттік кірістер басқармасына хабарламалар жолданады.

 

      Осыған орай, салық төлеушілерді,  егер де  жалған кәсіпорын деп танылған немесе тіркелуі жарамсыз деп танылған салық төлеушілердін контрагенттері болсаңыздар, сізге хабарлама жолданса, салықтық міндеттемелерді адал орындауға шақырамыз.

 

  


2019-11-21 19:03:21

Сондай-ақ оқыңыз