Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

2019 жылдағы шағын және орта бизнес субъектілеріне салықтық рақымшылық туралы

2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-1-бабына сәйкес

      1) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған бересі сомасына, 2018 жылғы 1 қазаннан бастап оны төлеген күнге дейінгі кезеңге, салықтың сол түрі бойынша және бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем төленген күнді қоса алғанда, есептелген өсімпұл сомасын;

      2) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салықтың сол түрі бойынша және бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі - ӘҚБтК) сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін салынған айыппұл сомасын;

      3) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өзгерген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемесін салық төлеуші мерзімінен бұрын толық көлемде орындаған жағдайдағы өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару тәртібін айқындайды.

       Заң   2019 жылдың 1 қаңтарынан  енгізілді, осымен қатар  шағын және орта бизнес субъектілері, 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша  бересіні  2019 жылдың 31 желтоқсанныңа дейін төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығарылады. 


2019-11-05 09:05:45

Сондай-ақ оқыңыз