Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Салықтық тексерулер, олардың түрлері мен нысандары.

 

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттеменің орындалуын қоспағанда (жылжымалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындылары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемеден басқа), салық органы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру салықтық тексеру болып табылады.

Салықтық тексерулерді тек қана салық органдары жүзеге асырады.

Салықтық тексерулер кешенді, тақырыптық, қарсы тексеру, хронометраждық зерттеп-қарау нысанында жүзеге асырылады.

Салықтық тексеруді жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) қызметін тоқтата тұрмауға тиіс.

Салық органдары заңды тұлғаның өзiне салықтық тексерудің жүргiзiлуiне қарамастан, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiне салықтық тексерулерді жүзеге асыруға құқылы.

Салық органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіп отырған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асырған тұлғаларға салық органдары көрсетілген тұлғалардан осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында сұрау салулар жіберуге құқылы.

        

Салық органы салықтардың, бюджетке төленетiн төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің барлық түрі бойынша салықтық міндеттеменің орындалу мәселелері бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты жүргізетін тексеру кешенді тексеру болып табылады.

Тақырыптық тексеру – салық органы салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты мынадай мәселелер:

салық органдарында тiркеу есебiне қою; бақылау-касса машиналарының болуы мәселелері бойынша жүргізетін тексеру болып табылады; төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы; акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы; бақылау-касса машиналарын қолдану тәртiбiн сақтау; Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiру, сақтау және өткiзу шарттарын сақтау және т.б.

        

Салық органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіп отырған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларды салық органының осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу, көрсетілген салық төлеушіні (салық агентін) тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша операциялар мазмұны мен фактісін растау мақсатында тексеруі қарсы тексеру болып табылады.

Қарсы тексеру кешенді немесе тақырыптық тексеруге қатысты қосалқы тексеру болып табылады.

        

Салық органы салық төлеушінің зерттеп-қарау жүргізілетін кезең ішіндегі нақты кірісін және кіріс алуға бағытталған қызметпен байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында жүргізетін тексеру хронометраждық зерттеп-қарау болып табылады.

Салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулер;

2) жоспардан тыс салықтық тексерулер. 

Салық органдары салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты тағайындайтын тексерулер тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулер болып табылады.

Жоспардан тыс салықтық тексерулер – бұл жүргізілетін тексерулер:

резидент-заңды тұлғаның, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң бөлiну арқылы қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты; дара кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылуына байланысты; қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен алынуына байланысты және т.б.

 

                                              


2019-09-26 10:23:37

Сондай-ақ оқыңыз