Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Салықтық бақылау

 

         Салықтық әкімшілендірудің түрлерінің бірі- салықтық бақылау.

         Салықтық бақылау – бұл салық заңнамасына негізделген және салық төлеушілер туралы ақпаратты жинауға және талдауға бағытталған жан-жақты және жүйелі түрде салықтөлеушілердің салықтық міндеттерін бақылауға бағытталған.Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау салықтық бақылау болып табылады.

Салықтық бақылау:

1) салықтық тексеру нысанында;

2) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.

 Салықтық бақылаудың осы нысандары шеңберінде:

1) салықтық міндеттеменің, әлеуметтік төлемдерді орындалуын есепке алу;

2) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібінің сақталуын бақылау;

3) акцизделетін тауарларды, сондай-ақ авиациялық отынды, биоотынды және мазутты бақылау;

4) трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;

5) мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау;

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау;

7) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылау жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары шеңберінде:

1) салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;

2) салықтық нысандарды қабылдау;

3) камералдық бақылау;

4) салықтық мониторинг;

5) салықтық зерттеп-қарау;

6) этил спиртін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртінің есепке алынуын бақылау;

 

Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы


2019-08-16 17:00:32

Сондай-ақ оқыңыз