Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Этил спиртiне және (немесе) алкоголь/мұнай өнiмiне iлеспе жүкқұжаттарын ресiмдеу және пайдалану қағидаларын бұзу үшін әкімшілік жауапкершілік

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне және Қазақстан Республикасы «Этил спирті мен алкоголь/мұнай өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес, бақылау күшейту мақсатында, 2011 жылдың 01 қаңтарынан алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттар енгізілді.

         Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №138 бұйрығымен «Ілеспе жөнелтпе құжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну ережелері» бекітілген. Осы Қағидалар «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдері базасынан мұнай өнімдерін өткізу және (немесе) жөнелту және (немесе) мұнай өнімдерін ішкі тасымалдау бойынша операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың (бұдан әрі - Өнім берушілер), сондай-ақ мұнай өнімдерін алатын тұлғалардың (импортталатын мұнай өнімін жеткізу орнына дейін тасымалдауды қоспағанда) немесе Өнім берушіге (бұдан әрі - Алушылар) мұнай өнімдерін қайтару кезінде Мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрі - МІЖ) ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну тәртібін белгілейді.

          Ілеспе жүкқұжаттар (АІЖ/МІЖ) енгізу бөлшек сауда жағыңда сатылатын алкоголь/мұнай/мұнай өнімін бақылау ретінде бірінші  қадам.

         АІЖ/МІЖ этил спирті және (немесе) алкоголь/мұнай өнімін жеткізуші Интернет-ресурс («Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы) (бұдан әрі – бағдарлама) арқылы мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде электрондық түрде ресімделеді.          Бағдарлама уәкілетті органның Интернет-ресурсында (web-порталында) орналастырылады және салық төлеушілердің пайдалануы үшін қол жетімді болып табылады.

         АІЖ/МІЖ, уәкілетті органының бағдарламасында жөнелтілгеннен кейін, қағаз тасымалдағышында екі данада басып шығарылады, жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға басшысының қолы қойылады және жеткізушінің мөрімен расталады (дара кәсіпкерлер үшін мөр бар болған жағдайда).

       Межелі орнына дейін тасымалдау кезінде этил спиртін және (немесе) алкоголь/мұнай өнімін алып жүру үшін ІЖҚ қағаз тасымалдағышында екі данада тасымалдаушыға (алушының өкіліне) беріледі. АІЖ/МІЖ бірінші данасы алышуға тапсырылады, екінші данасына алушы этил спиртін және (немесе) алкоголь/мұнай өнімін іс жүзінде алған күнін көрсете отырып қол қояды және ІЖҚ тасымалдаушыға (алушының өкілі) қайтарады.

      Этил спиртінің және (немесе) алкоголь/мұнай өнімінің импорты кезінде алушы этил спиртін және (немесе) алкоголь/мұнай өнімін іс жүзінде алған күнін көрсете отырып қол қояды.

     АІЖ/МІЖ екінші данасы этил спиртінің және алкоголь/мұнай өнімінің жеткізушісінде сақталады (импорт кезінде АІЖ/МІЖ алушыда сақталады).

     АІЖ/МІЖ Бағдарламада АІЖ/МІЖ алуды дәлелдеу жолымен электрондық түрде алушылар тапсырады.

      Этил спирті және (немесе) алкоголь/мұнай өнімін алушылар (медициналық және техникалық мақсаттарға этил спиртін алушылардан және этил спирті және (немесе) алкоголь/мұнай өнімін экспорттаған кезден басқа) тауарды алғаннан кейін жеткізуші АІЖ/МІЖ ресімдеу мерзімінен бастап жиырма бес күнтізбелік күн ішінде АІЖ/МІЖ алуды электрондық түрде растайды немесе растамайды.
АІЖ/МІЖ-н алуды растаудың немесе растамаудың мерзімінің бұзылуы кезінде бағдарламада автоматты түрде хабарлама құрастырылады( сондықтан 5 жұмыс күн ішінде  салық төлеуші мемлекеттік кірістер органына келіп түсініктеме беруге тиіс).

Белгіленген толық емес (және) дәйексіз мәліметтермен АІЖ/МІЖ ресімдеу, осындау АІЖ/МІЖ ресімдеу күніненбастап екі жұмыс күні ішінде жеткізуші (импорт кезінде - алушы) жойылуы тиіс.

         Қағаз жүзіндегі АІЖ/МІЖ жеткізушіде және алушыда бес жыл ішінде сақталынады.

Биоотынды, этил спирті мен алкоголь/мұнай өнімін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын бұзу –

жеке тұлғаларға – 5, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 10, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 20, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 30 жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


2019-07-05 12:30:24

Сондай-ақ оқыңыз