Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Темекі бұйымдарын таңбалау

2018 жылғы 1 қазанда темекі бұйымдарын таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жоба (бұдан әрі - Жоба) басталды.

Жаңа енгізілімнің мақсаты - тауардың өндірушіден және импорттаушыдан соңғы тұтынушыға дейін қаптамаға сандық сәйкестендіру кодын салу арқылы қадағалануын іске асыру.

Жобаны енгізу өндірушілерге жосықсыз бәсекелестіктен қорғауды, сондай-ақ тұтынушыларды контрафактілік өнімдерді сатып алудан қорғауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі "Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы" № 862 бұйрығына сәйкес жобаны өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар және жобаны өткізу мерзімдері бекітілді, сондай-ақ "Темекі өнімдерін таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі – ТТҚ АЖ" ақпараттық жүйесі әзірленді.

Жобаға қатысушылар:

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - ҚР ҚМ МКК) - темекі өнімдерінің таңбалануын және қадағалануын жүргізу жөніндегі уәкілетті орган;

- темекі бұйымдарының айналысының субъектілері - темекі бұйымдарын өндірушілер, көтерме сауда ұйымдары, бөлшек сауда ұйымдары, пилоттық жобаға өз еркімен қатысуға ниет білдірген импорттаушылар;

“Қазақтелеком” акционерлік қоғамы - әзірлеуші және әкімшісі "ТТҚ АЖ - темекі өнімдерін таңбалау және бақылау ақпараттық жүйесі".

Темекі өнімдерін таңбалау туралы барлық қажетті ақпарат ҚР ҚМ МКК сайттарында орналастырылған http://kgd.gov.kz /және "Атамекен" ҚР ҰКП http: / / atameken.kz/.


2019-06-04 17:12:58

Сондай-ақ оқыңыз