Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын адамдардың жекелеген санаттарының салықтық міндеттемен орындау ерекшеліктері

Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын адамдардың (адвокат, кәсіпқой медиатор, жекеше нотариус және жеке сот орындаушы) жекелеген санаттарының салықтық міндеттемені келесі шарттарға сәйкес келу керек:

1) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын;

2) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша салықтық тексерулер жоспарына немесе ішінара салықтық тексерулер тізіміне енгізілмеген, қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын адамдардың салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктерін белгілейді.

        Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда, орналасқан жеріндегі салық органына:

1) қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті;

2) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны, осындай есепке алу болған кезде;

3) таратудың салықтық есептілігін;

4) бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.

 Таратудың салықтық есептілігі қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам  салық төлеушілер (салық агенттері) болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған салықтық кезеңнің басынан бастап осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам  таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.

Егер таратудың салықтық есептілігінің алдында ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Салық органы дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның  қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:

1) уәкілетті мемлекеттік органдарға;

2) екінші деңгейдегі банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын.

Салық органы жинақталған  барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылауды жүзеге асыруға және осы Кодексте айқындалған тәртіппен қорытынды жасайды.

 Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, дара кәсіпкерге немесе жеке практикамен айналысатын адамға  қорытынды алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады.

 Дара кәсіпкерді немесе жеке практикамен айналысатын адамды осы тармақта айқындалған тәртіппен тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат осындай салық төлеушілер тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

Белгіленген мерзімдерде төленбеген салықтық берешектің, әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.

 

                         


2019-05-20 09:32:33

Сондай-ақ оқыңыз