Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

2019 жылы онлайн режиміндегі кассалық аппараттарды қолдану туралы

2018 жылғы 23 желтоқсаннан бастап Қаржы министрінің ақшалай есеп айырысулар кезінде фиксация және (немесе) деректерді беруфункциясыбар бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қолдану туралы бұйрығы күшіне енді.

2019 жылғы 1 сәуірден бастап қызметтің 323 түрі;

2019 жылғы 1 шілдеден бастап қызметтің 86түрі;

2019 жылғы 1 қазаннан бастап қызметтің 224түрі.

Толық көшу 2019 жылы аяқталуы тиіс.

Онлайн-БКМ қолдану бойынша талаптар жалпы пайдаланатын телекоммуникация желілері жоқ аумақтарда жұмыс істейтін салық төлеушілерге қолданылмайды.

Бұл ретте қаржы министрінің бұйрығы тек салық төлеушілер жүзеге асыру кезінде онлайн-БКМ қолдануға міндетті болатынқызметтің түрін ғана белгілейді. БКМ қолдану тәртібі Салық кодексінің 166-бабымен регламенттеледі.

Салық кодексінің 166-бабы 1-тармағында Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде қолданумен жүргізіледі.

         БКМ қолдану бойынша талап мынадай ақшалай есепайырысуларға қолданылмайды:

1) жеке тұлғалардың;

2) адвокаттар мен медиаторлардың;

3) қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлердің(акцизделген тауарларды іске асыратындардан басқасы):

- патент бойынша 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап;

- бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнайы салық режимі шеңберінде 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін;

4) билеттерді берумен қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігінде;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;

6) екінші деңгейдегі банктердің.

Қаржы министрінің ақшалай есеп айырысулар кезінде фиксация және (немесе) деректерді беруфункциясыбар бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қолдану туралы толық мәтінмен - www. pvl.kgd.gov.kz сайтында танысуға болады


2019-05-16 14:29:46

Сондай-ақ оқыңыз