Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Салық төлеушілердің назарына!

Салық төлеушілердің назарына!

Жеке тұлғалардың меншік салығы, жер салығы және көлік құралдарына салықтар бойынша қарыздарды өндіру

 

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы  № 120- IV ҚРЗ 128 бабына сәйкес дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 1 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтық берешегін төлемеген жағдайда, салық органы келесі шараларды қолданады:

  • Жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама табыс етілген

күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады (бұдан әрі – салық бұйрығы) және оны шығарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлғаға жібереді;

  • Жеке тұлға салықтық берешегін өтемеген кезде салық органы жеке

тұлғаға салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осындай салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындау үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына жібереді;

  • Салық бұйрығын шығарған салық органы жеке тұлға салықтық

берешегін өтеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық бұйрығының күшін жояды.   

 

Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

Телефон 65114


2019-05-13 11:54:09

Сондай-ақ оқыңыз