Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Таратылатын резидент-заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері.

Таратылатын резидент-заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері.

Таратылатын резидент-заңды тұлғалардың тарату туралы шешім қабылданған кезде,  мынадай шарттарға сәйкес болуы керек:

      1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын;

      2) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданбайтын;

      3) қайта ұйымдастырылмаған немесе қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры болып табылмайтын, таратылатын резидент-заңды тұлғаның салықтық міндеттемесін орындау ерекшеліктерін белгілейді.

         Осы тармақшаның ережесі қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайды;

      4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарына немесе іріктелген салықтық тексерулер тізіміне енгізілмеген не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің жартыжылдық графигіне енгізілмеген;

      5) жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын, таратылатын резидент-заңды тұлғаның салықтық міндеттемесін орындау ерекшеліктерін белгілейді.

Осы айқындалған шарттарға сәйкес келетін резидент-заңды тұлғаларға қатысты  ескіру мерзімі ішінде қолданылады. Осы баптың ережелері құрылған күнінен бергі кезеңі  ескіру мерзіміне қарағанда кем болатын заңды тұлғаларға да қолданылады.

Тарату туралы шешім қабылданған жағдайда, заңды тұлға орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:

      1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

      2) таратудың салықтық есептілігін;

      3) аралық тарату балансын;

      4) бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.

Таратудың салықтық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған салықтық кезеңнің басынан бастап осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

         Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталатын болса, осындай кезекті салықтық есептілікті ұсыну таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

         Таратылатын заңды тұлға таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.

Егер таратудың салықтық есептілігінің алдында ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Салық органы таратылатын заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде заңды тұлғаға қатысты салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға және екінші деңгейдегі банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға сұрау салуды жібереді.

Салық органы барлық мәліметті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылауды жүзеге асырады және қорытынды жасайды.

Қорытындыда камералдық бақылау нәтижелері және салықтар, бюджетке төленетін төлемдер мен әлеуметтік төлемдер бойынша есеп айырысулардың жай-күйі көрсетіледі.

Қорытынды кемінде екі данада жасалады және оған салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Қорытындының бір данасы оған қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, таратылатын заңды тұлғаға қолын қойдыра отырып тапсырылады немесе оған хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, таратылатын заңды тұлғаға қорытынды алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама табыс етіледі.

Таратылатын заңды тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды 30 жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.

Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары салық төлеуші ұсынған түсініктермен келіспеген жағдайда, таратылатын заңды тұлғаға қатысты салықтық тексеру жүргізіледі.

 

                                     Ақсу қ. бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.


2019-04-29 09:25:39

Сондай-ақ оқыңыз