Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі»

Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі түзетулерді есепке алғандағы кіріс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалатын салық салынатын кіріс болып табылады. 

Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің кірісі осы тұлғалардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде салықтық кезең ішінде алынуға жататын (алынған) кірістерінен тұрады. 

Салық төлеушінің кірістерді түзетуге құқығы бар. Бұл ретте жылдық жиынтық кіріс түзетулерді ескере отырып, теріс мәнге ие болуы мүмкін. 

Бұрын танылған кіріс сомасы шегінде есепті салықтық кезеңнің кіріс мөлшерін ұлғайту немесе есепті салықтық кезеңнің кіріс мөлшерін азайту түзету деп танылады.

Осы бапта көрсетілген кірістер:

1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;

2) мәміле шарттары өзгертілген;

3) өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағалар, өтемақылар өзгертілген;

4) баға шегерістері, сату шегерістері;

5) шарт талаптары негізге алына отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төлеуге жататын сомалар өзгертілген;

6) заңды тұлғадан, дара кәсіпкерден, Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме құруға алып келмейтін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның филиалынан, өкілдігінен талапты есептен шығарған жағдайларда түзетуге жатады.

кірісті түзету:

дебитор-салық төлеуші таратылған кезде оны тарату балансын бекіту күніне кредитор-салық төлеуші талап қоймаған;

заңды күшіне енген сот шешімі бойынша салық төлеуші талапты есептен шығарған жағдайларда азайту жағына қарай жүзеге асырылады.

түзету талаптың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде есептен шығарылған талаптың және бұрын осындай талап бойынша танылған кірістің сомасы шегінде жүргізіледі.

Шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты көзделген шығыстары салық салынатын кірісті айқындау кезiнде шегерiмге жатады.

Шығыстардың мынадай түрлері:

1) тауарларды сатып алуға;

2) шегерімге жатқызылуы тиіс жұмыскерлердің есептелген кірістері мен жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша;

3) шегерімге жатқызылуы тиіс салық және бюджетке төленетін төлемдерді төлеуге;

4) шегерімге жатқызылуы тиіс қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылардың сомалары шегерімге жатады.

Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық салынатын кірісті айқындау кезінде  шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасына түзетулерді ескере отырып айқындалған кіріс сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшердегі тіркелген шегерім сомасын қосуға құқылы. 

Бұл ретте осы баптың бірінші бөлігінің ережелерін қолданған жағдайда тіркелген шегерімді қоса алғанда, шегерімге жатқызылатын шығыстардың жалпы сомасы түзетулер ескеріле отырып, кіріс сомасының 70 пайызынан аспауға тиіс.

Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық салынатын кірісті салық салынатын кірісті айқындау кезіндешегерімге жатқызылуға тиіс жұмыскердің кірістері бойынша жұмыс берушінің есепті салықтық кезеңде есепке жазылған шығыстарының 1 еселенген мөлшеріне азайтуға құқығы бар.

азайтуды салық төлеуші, егер осындай салық төлеуші жұмыскерлерінiң есепті салықтық кезең үшін орташа айлық жалақысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 47 айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінен асқан жағдайда жүргізуге құқылы.

Төлем көзiнен ұстап қалатын жеке табыс салығын қоспағанда, тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану кезінде төленуге жататын жеке табыс салығы салықтық кезең үшiн мынадай тәртiппен есептеледi:

белгiленген мөлшерлеменің және көзделген  кірістер мен шығыстар арасындағы айырма түрінде айқындалған, азайтылған салық салынатын кірістің көбейтіндісі.

Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың
31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде тапсырылады.

Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде салықтық кезеңнің қорытындысы бойынша жүргізіледі


2019-04-15 11:14:54

Сондай-ақ оқыңыз