Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Тақырыптық (рейдттік) тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу ережелері

Салық органы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру салықтық тексеру болып табылады.

Салықтық тексерулерді тек қана салық органдары жүзеге асырады.

Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша салық органының шешімі негізінде тақырыптық тексерулер тағайындалады.

       Тақырыптық (рейдттік) тексерулер, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 142 бабыңа сәйкес жүргізіледі, оның ішінде келесі сұрақтар бойынша:

  1. Салық органдарында тiркеу есебiне қою;
  2.  бақылау-касса машиналарының болуы;
  3.  төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
  4. акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы.

      Салықтық тексеру нұсқаманың негізінде жүргізіледі, жоғарыда  көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер жүргізілген кезде салық төлеушіге (салық агентіне) немесе оның тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды немесе қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жұмыскеріне нұсқаманың түпнұсқасы танысу үшін көрсетіледі және оның көшірмесі табыс етіледі.

      Нұсқама түпнұсқасына салық төлеушінің (салық агентінің) немесе оның тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жұмыскерінің нұсқамамен танысқаны және оның көшірмесін алғаны туралы қолы, нұсқаманың көшірмесін алған күні мен уақыты қойылады.

      Нұсқаманы алудан бас тартқан жағдайда, салық органының лауазымды адамы салық органы нұсқамасының данасына тиісті жазба жазады және куәгерлерді (кемінде екеу) тарта отырып, салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқаманы алудан бас тартуы туралы акт жасайды.

Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеруді жүргізу туралы нұсқаманы алудан бас тартуы салықтық тексерудің күшін жою үшін негіз болып табылмайды.

Салық органының нұсқамасын алудан салық төлеушінің (салық агентінің) бас тартуы салық органының лауазымды адамдарын салықтық тексеруге жібермеуді білдіреді (салық төлеушi кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) салықтық тексерудi жүргiзетін мемлекеттік кіріс органының лауазымды адамының кiруiне заңсыз кедергi келтiру – қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады).

Салық төлеуші (салық агенті) салық органының лауазымды адамдары нұсқаманы және қызметтік куәліктерін көрсеткен кезде осы лауазымды адамдардың және өзге де мемлекеттік органдардың салықтық тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдарының кірістер алу үшін пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) не салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге зерттеп-қарау үшін кіруін қамтамасыз етуге міндетті.

Салық органының лауазымды адамы салықтық тексеру аяқталған соң  тексеру актісін  кемінде екі дана болатын санда жасайды, оған салық органының тексеру жүргізген лауазымды адамдары қол қояды.

Салықтық тексеру актісін алған кезде салық төлеуші (салық агенті) салық органдарының салықтық тексеру актісінің данасына қолын және оны алған күнін қоюға міндетті.


2019-04-01 12:25:45

Сондай-ақ оқыңыз