Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

230.00 нысаналы декларацияны ұсыну тәртібі мен мерзімі, ұсынбаған және декларацияда көрсетілген дәйексіз мәліметтерді ұсынғаны үшін қабылданған шаралар

Жеке табыс салығы және мүлік (230.00 нысаналы) бойынша декларацияны (әрі қарай-декларация) 2019 жылғы 31 наурызға дейін ұсыну керектігі жайлы Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқарамасы хабарлайды. Аталмыш декларацияны Салық кодексінің 363 бабының 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы”, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі мен Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Конституциялық заңына,  сәйкес декларацияны ұсыну бойынша міндет жүктелген жеке тұлғалар тапсырады.

Декларацияны ұсыну үшін кірістер мен мүліктер туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған (230.00 нысанның 01 беті, 230.02 нысанның 01 және 02) толтыру керек.  

Декларацияда Қазақстан Республикасының аумағындағы, сондай-ақ тысқары жерлердегі 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі жағдай бойынша меншік құқығындағы кірістер мен мүліктерді көрсетеді.

Бұл ретте, мүлікке меншік құқығындағы көлік құралдары мен жылжымайтын мүлік (тұрғын және тұрғын емес ғимарат және үй-жай, соның ішінде пәтер, үй, көлікжай, саяжай салымы, сондай-ақ жер телімі, кондоминиум және басқалармен қамтылған жер телімдерді есепке алмағанда) жататынына назар аударамыз.

Декларацияны уақытылы тапсырмағаны үшін ҚР ӘҚБ «Қаржылық бақылау шараларын бұзу» 274 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) салық салу объектілері болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды және мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қасақана ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбауы-елу айлық есептік көрсеткіш (50*2525= 126 250 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Тәтіптік жаза салынғаннан кейін ағымдағы жылы қайталанған, аталған баптың бірінші бөлігінде қарастырылған әрекеті- екі жүз айлық есептік көрсеткіш (200 *2525= 505 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады.


2019-03-14 16:02:16

Сондай-ақ оқыңыз