Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - Мемлекеттік кірістер органдарының әрбір қызметкерінің міндеті.

Сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық салаларына: экономикаға, әлеуметтік салаға, саясатқа әсерін тигізеді. Осы құбылыстан туындайтын теріс салдарлар қоғамның прогрессивті, үдемелі дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, елдің ұлттық және экономикалық қауіпсіздігінің мүдделеріне нақты қауіп төндіреді.

            Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, егер қоғамның өзі, әрбір азамат осы әлеуметтік құбылысқа қарсы тұруға бел шеше алмаса, нәтижелі болмайды. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру маңызды.
            Осы іс-шараларды табысты іске асыру азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, соның салдарынан экономикалық өсу қарқынын арттыруға және елді индустрияландыру жөніндегі ауқымды бағдарламаны жалғастыруға мүмкіндік береді.
            Осы тұрғыда республикалық және жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігін толықтыруды қамтамасыз ету мемлекеттік кіріс органдарына жүктелген. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды жасау фактілерінің алдын алу, жолын кесу және анықтау бойынша қандай шаралар қабылданғанына осы міндетті табысты іске асыру байланысты болады.
            Ақсу қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Ақсу қаласы бойынша МКБ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және алдын алуға бағытталған тұрақты жұмыс жүргізілуде, лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының қолданыстағы нормаларын тиісінше сақтауын ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдануда. Әзірленген Медиа-жоспарға сәйкес Ақсу қаласы бойынша МКБ-да жоспарлы негізде 2018 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылды, оның шеңберінде дөңгелек үстелдер-5, семинарлар-4, техникалық оқу-12 өткізіледі, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында, Ақсу қаласы әкімінің сайтында орналастырылады.
            Әрине, осы бағытта жұмыстар "тар жерлерді" толығымен жоққа шығаратын заңнамалық базаны жетілдіру және салық және кеден заңнамасын екі жақты түсіндіру, лауазымды адамдардың қызметін ведомстволық емес, қоғамдық бақылау сияқты елеулі тежеуші тетіктер қажет.
            Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық құралдарын кешенді пайдалану мемлекеттік кірістер органдарының қызметінде белгілі бір оң нәтижелерге алып келеді және сыбайлас жемқорлықты ең төменгі деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді.
           


2019-02-22 10:07:36

Сондай-ақ оқыңыз