Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Эксаумақтық» ұстаным

         2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында эксаумақтық ұстанымда мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жоба жұмыс  істеуде.

Эксаумақтық – салық төлеушінің тіркелген немесе тұрғылықты жеріне қарамай ақақпаратты, қызметті немесе қызмет көрсетуді алу кезіндегі еріктілігі.        

         Эксаумақтық ұстаным бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша пилоттық жоба енгізу, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін оңтайландыруға және жеңілдетуге бағытталған.

         Тіркелген немесе тұрғылықты жеріне қарамай-ақ, пилоттық жобада көрсетілетін  мемлекеттік қызметтердің тізімі:

Мемлекеттік  кірістер басқармаларында алуға болатын қызметтер:

        -  Жеке практикамен айналысатын адамды тiркеу есебi ;

-  Салық төлеушілерді тіркеу;

        - Мемлекеттік кірістер басқармаларында есеп жүргізілетін, салықтық төлемдер бойынша берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы мәліметтерді ұсыну;

 -  Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру;

 -  Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау);

 -  Салық есептілігін қабылдау;

 -  Салық есептілігін керi қайтарып алу;

         - Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу;

- Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту;

- Бюджетпен есеп айырысулар туралы жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттан үзінді көшірме беру.

Мемлекеттік кірістер департаменттерінде алуға болатын қызметтер:

- Қазақстан Республикасының резинденттігін растау;

- Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару.


2019-02-20 14:31:38

Сондай-ақ оқыңыз