Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Камералдық бақылау бойынша хабарламаларды орындауына қатысты сұрақтар туралы

Камералдық бақылау мемлекеттік кірістер органдарында бар салық төлеушінің салықтық есептілігі  бойынша мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізіледі.

 Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:

- тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

- тәуекел дәрежесі орташа  бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама ресiмделедi.

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық есептілікте бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мәлімет үшін жіберіледі.

            Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, осы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама рәсімделеді.

           Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол табыс етілген (оны алған) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

           Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда салық төлеуші (салық агенті) салық органдарына анықталған бұзушылықтар жататын кезең үшін салық есептілігін ұсынады.  

           Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салық төлеуші (салық агенті) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген мемлекетті кірістер органына – анықталған бұзушылықтар жөнінде қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсініктеме ұсынады. Егер түсініктемені тапсырған тұлғаның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуіне негіз ретінде растайтын құжаттар көрсетілген жағдайда, онда салық есептілігінен басқа, мұндай құжаттардың көшірмелері түсініктемеге қоса беріледі.

         Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамаған кезде, мемлекеттік кірістер органы келесіні жасауға құқылы:

          -бес жұмыс күннен кейін, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға;

- Әкімшілік бұзушылықтар туралы Кодексіне сәйкес мемлекеттік кірістер органының және оның лауазымдық тұлғаларының заңды талаптарын орындау үшін әкімшілік жауапкершілік тәртібіне тартылады.

Соңымен қатар,  мемлекеттік кірістер органының заңды талаптарын орындамауды және жалтаруды жасайтын салық төлеушерге қатысты экономикалық тергеу қызметімен өзара іс-қимыл көзделген.

Әрбір салық төлеуші салықтық декларацияда көрсетілген дұрыстығы және толықтығы үшін жауапты.

Құрметті салық төлеуші, осыған орай, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны уақытында салық есептілігін және түсініктеме беруінізді сұраймыз. 

 Барлық сұрақтар бойынша берілген телефонға хабарласуға болады: 6-55-21.


2019-02-11 08:54:03

Сондай-ақ оқыңыз