Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Жеке тұлғаның жеке табыс салығын есептеу кезінде қолданылатын салық шегерімдері»

2017 жылғы 25 желтоқсанындағы № 121-VI ҚРЗ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" ЖаңартылғанҚазақстан Республикасының Заңының 33-бабының редакциясында әрекет ететін 2017 жылғы 25 желтоқсанындағы № 120-VI ҚРЗ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі Салық кодексі) 342 бабына сәйкес жеке табыс салығын есептеу кезінде жеке тұлғаның мынадай салықтық шегерім түрлерін қолдануға құқығы бар:

1) міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерім – Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде;

2) зейнетақы төлемдерімен жинақ сақтандыру шарттары бойынша салықтық шегерім;

3) стандартты салықтық шегерімдер;

4) өзге салықтық шегерімдер, олар:

ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімді;

медицинаға арналған салықтық шегерімді;

сыйақылар бойынша салықтық шегерімді қамтиды.

Салық кодексінің 342 және 347 баптарынын тоқтатылуына байланысты көп балалы отбасылар үшін салықтық шегерім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетініне ерекше назар аударғымыз келеді.

 


2019-02-01 11:40:17

Сондай-ақ оқыңыз