Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Бірыңғай жиынтық төлем

2019 жылдың қаңтарынан бастап салық кодексінің 774 бабы толықтырылды, бұнда дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар бірыңғай жинақталған төлемді төлеушілер болып табылады, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келеді:

         1) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;

2) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

3) қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады.

         Бiрыңғай жиынтық төлемді төлеушінің қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде алатын кірісінің күнтiзбелiк жылдағы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 1175 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс, 2019 жылы 2 966 875 теңге.

         Мыналар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер ретінде танылмайды:

1) коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның iшiнде меншік, жалдау, пайдалану, сенiмгерлiк басқару құқығындағы объектілердің аумағында қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;

2) тұрғынжайды қоспағанда, мүлікті мүлiктiк жалға (жалдауға) беретін адамдар;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

5) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар.

Жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеу жүргізілген күннен бастап мұндай төлемді төлеу жүргізілген айдың соңғы күніне дейін бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады.

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің төленуге жататын сомалары бірыңғай жиынтық төлемге қосылады.

Бір айдағы бірыңғай жиынтық төлем сомасы республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада (2019 жылы 2525 теңге болады) – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерін және басқа елді мекендерде (1263 теңге) айлық есептік көрсеткіштің еселенген мөлшерін құрайды.

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушінің кірістер бойынша оның жеке табыс салығы бірыңғай жиынтық төлем сомасының 10 пайызын құрайды.

Бірыңғай жиынтық төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының банктік шотына аудару жолымен жалпы сомамен төленуге жатады.

Корпорация өз кезегінде, төлеушінің тұрғылықты орыны бойынша қор және салық органдарына бұл соманы жібереді және қайта бағыттайды.

БЖТ үшін КСТ 183 төлем коды тағайындалған.


2019-01-28 08:43:49

Сондай-ақ оқыңыз