Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 2018 жылдың бақылау жұмыстарының нәтижелері

      Салық түсімдерін ұлғайту резертерінің бірі уақытылы салықтық әкімшілендіру жұмыстарын жүргізу болып табылады, салықтық әкімшілендірудің бір саласы – салықтық тексеру жүргізу.

        2018 жылда аймақтық мемлекеттік кірістер басқармасымен тіркеу есебінде қою, алкоголь өнімің  сатуға лицензияның болуы, бақылау –кассалық  машиналардың және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың ( құрылғының) болуы,  бақылау – кассалық машиналарың пайдалану туралы сұрақтар бойынша жеке қәсіпкерлер, заңды және жеке тұлғаларға қатысты 121 тақырыптық тексерістер өткізілді.

        Тексерістер нәтижесінде салықтық заңңаманың бұзу 125 фактісі анықталды, әкімшілік айыппұл құны 1004,1 мың тенге.

         Ауылдық  аймақтарда жекелеген сұрақтар бойынша тақырыптық тексерістер өткізу кезінде алкоголь өнімің лицензиясыз сату факт анықталды,

әкімшілік материалдар Ақсу қаласының сотына жолданып, сот Қаулысымен айыппұл салынды және алкоголь өнімдері тәркіленді.

         Тексеріс кезінде, алкоголь өнімі айналымы бойынша алкоголь өніміне ілеспе құжаттарысыз алкоголь өнімін сату, бұл бұзушылықтар үшін сотпен  75 АЕК бастап (180375 тенге) 150 АЕК (360750 тенге) шамасында айыппұл салынады және алкоголь өнімі тәркіленеді.

           Барлығы алкоголь өнімі айналымы бойынша бұзушылықтар үшін сотпен 1004,1 мын.тенгеге айыппұл салынып, алкоголь өнімдері тәркіленді.

           Автомобильдер мен мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету; көтерме және бөлшек сауда;қонақүйлердің қызмет көрсетуі;мейрамхана қызметтерін көрсету, тамақтануды ұйымдастырудың өзге де түрлері мен сусындар беру; әуе және теміржол көлігіне жол жүру құжаттарын (билеттерді), багаж және жүк-багаж түбіртектерін сату; жүктерді көліктік өңдеу, қоймаға жинау мен сақтау жөнінде қызмет көрсету, тасымалдау жөніндегі қосымша көрсетілетін қызметтер мен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтер; туризм саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынатын туристік операторлардың және өзге де ұйымдардың қызметі (туристік агенттерден басқа); сақтандыру саласындағы қызмет; денсаулық сақтау саласындағы қызмет; білім беру саласындағы қызмет; бухгалтерліқ есеп және аудит саласындағы қызмет, салық саласындағы  кенес беру, кинофильмдерді, бейне және телевизиялық бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет, кинофильмдерді көрсету; фитнес, спорттық клубтар, дискотекалар қызметі; құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет; жеке күзет қызмет саласында, боулинг (кегельбан) және бильярд бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) POS-терминал қолдану қажет.

          Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер  басқармасы 2018 жылдың басынан 96 салықтық тақырыптық тексерулер өткізді, барлық жағдайда POS-терминалдың жоқтығы анықталды, ҚР «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының 39-бабының 4-тармағы бұзылды. Салық төлеушілер ҚР ӘБтК 195 бабыңа сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

        Осыған орай  түсіну керек, қәсіпкерліқ қызмет көрсететін әрбір салық төлеуші жауапты және міндетті болып, сонымен қатар Қазақстанның бизнес – ортасын жақсаруына үлес қосады.

 


2019-01-23 18:37:52

Сондай-ақ оқыңыз