Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

КӨЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Көлік салығын төлеушілер болып меншігінде көлігі бар жеке тұлғалар табылады. Жеке тұлғалар көлік салығынағымдағы жылдың 31-желтосанынан кешіктірмей бюджетке төленге тиісті.

Салық салу объектісі болып, Қазақстан Республикасында тіркеуде тұрған және (немесе) мемлекеттік тіркеуге жататын, тіркемелерді қоспағанда,  көлік құралдары жатады.

   Салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша көлік салығын төлеуден келесідей жеке тұлғалар босатылады:

- ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар.

- меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер.

-Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» не «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

Ескерту: жоғарыда аталған адамдар, 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда тіркеу әрекеттері жүргізілген, қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильбойынша көлік құралы салығын төлеуден босатылмайды.

      Салық төлеушi осы Кодекстің 492-бабына сәйкес салық салу объектiсіне салықтық мөлшерлемелерді қолдану арқылы салықтық кезең үшiн салық сомасын өз бетінше есептейдi.

      Жеке тұлға көлік құралын тіркегенде, қайта тіркегенде, мемлекеттік  немесе мінддетті техникалық байқаудан өткізген жағдайларда осы әрекеттерді жасар алдында көлік салығын       

Салық кодексінде қаралған тәртіп бойынша есептеп бюджетке төлейді.

Өздеріңізді ыңғайсыз жағдайға тап қылдырмас үшін, көлік салығын жылдың соңына қалдырмай, төлеп тастағандарыңыз жөн.

Егер Сізде өткен жылдар бойынша көлік салығынан қарыздар болса, онда сот шешімін және сот орындаушыларды тоспай ақ, өз еркіңізбен төлегеніңіз дұрыс болады.

     Көлік салығын төлеу бойынша сұрақ туындаса тұрғылықты келесі телефондар бойынша Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы-  65114


2018-12-29 12:50:53

Сондай-ақ оқыңыз