Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Жанар май құю станцияларда есепке алатын бақылау аспаптарын орнату және пайдалану туралы

Ақсу бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2016 жылғы 16 наурыздағы ҚР қаржы министірінің бұйрығы бойынша «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV Заңнын 8 бабының 12-1) тармақшысына сәйкес келесіні мәлімдейді: мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінде және жанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларды жабдықтауға арналған ережелер мен талаптар бекітілді. ҚР Заңына сәйкес мұнай өнімдерін өткізуді, тиеп-жөнелтуді және (немесе) тасымалдау мен айдауды резервуарлардың есепке алатын бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде өткізе отырып, жүзеге асырады.

Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан жанармай құю станциялары үшін –

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап бөлшек сауда және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін мұнай өнімдері тиеп - жөнелтуді мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бақылайтын есепке алу аспаптарынсыз не бақылайтын есепке алу аспаптарын айналып өтіп өткізуі және (немесе) тиеп-жөнелтуі жауапкершілік басталады.

ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 281 бабының 5 тармағының талаптарын бұзғаны үшін (2019 жылына айлық есептiк көрсеткiш – 2 525теңге):

-         жеке тұлғаларға – 20 АЕК (50  500 тңг),

-         шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК (126 250тңг),

-         орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК (252 500тңг),

-         ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК (757 500тңг) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға және мұнай өнімдерін  тәркiлеуге әкеп соғады.


2018-12-26 11:49:50

Сондай-ақ оқыңыз