Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Заңдытұлғалардың "Арнаулысалық режимінқолданутәртібі"

         Қазақстан Республикасының  "Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер" Кодексіне (әрі қарай Салық кодексі) сай, заңды тұлғалар келесі арнаулы салық режимдерінің  бірін таңдауға құқылы:

         1) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі:

             оңайлытылған декларация негізінде арнаулы салық режимі;

             белгіленген шегерім режимі қолданылған арнаулы салық режимі;

         2) ауылшаруашылық кооперативтері мен ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге арнаулы салық режимі.

Жаңадан құрылған заңды тұлғалар арнаулы салық режимін қолдану шарттарына сәйкес болған жағдайда, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органына, қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама жібереді.

Егер жаңадан құрылған салық төлеуші жоғарыда көрсетілген тәртіпте арнаулы салық режимін таңдамаса, ондай салық төлеуші, қолданылатын салық салу режимі жайлы хабарлама бергенге дейін, әдепкі бойынша жалпы белгіленген салық салу рәсімін таңдаған болып табылады.

Сонымен қатар, заңды тұлға, қайта құрылған заңды тұлғаларды қоспағанда, қолдану шарттарына сәйкес болған кезде, арнаулы салық режиміне көшуге құқылы:

- оңайлатылған декларация негізінде - жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен;

- жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбiнен, шағын бизнес субъектiлерi үшiн басқа да арнаулы салық режимдерiнен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер үшiн арнаулы салық режимдерiнен – тіркелген шегерім пайдаланылатын;

- ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер үшiн – жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбінен.

 

Салық салудың осындай режимi үшін осы бөлімде белгiленген хабарламада арнаулы салық режимін қолдану шарттарының сәйкес келмеуі жағдайлары туындауын қоспағанда, таңдалған арнаулы салық режимi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертуге жатпайды.

Салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбіне ауысқан кезде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимiне кейіннен көшу жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолданудың күнтiзбелiк бiр жылынан кейін мүмкiн болады.

Арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн талаптар туындаған жағдайларда салық төлеушi жалпыға бiрдей белгiленген салық салу тәртібіне немесе өзге де арнаулы салық режимiне көшу үшiн осындай жағдайлар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қолданылатын салық салу режимi туралы хабарлама беруге мiндеттi.

Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны салық төлеушілер тұрған жеріндегі салық органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынады.

Арнаулы салық режимін шағын бизнес субъектілері үшін таңдау кезінде, келесі арнаулы салық режимінің шарттарына зер салу қажет, мәселен:

оңайлатылған декларация негізінде – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 2 044 еселенген мөлшерінен және қызметкерлер саны - 30 адамнан аспайтын;

- тіркелген шегерімді пайдаланумен – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 260 еселенген мөлшерінен аспайтын және қызметкерлер саны - 50 адамнан сапайтын.

Арнайы салық режимін қолданудың міндетті шарты ретінде салық төлеушінің мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырмауы тиіс:

- акцизделетін тауарларды өндіру;

- акцизделетін тауарларды сақтауға және көтермесаудада өткізу;

- мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты өткiзу;

- лотереялар өткізу;

- жер қойнауын пайдалану;

- шыны ыдыстарды жинау және қабылдау;

- түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткiзу;

- консультациялық қызметтер көрсету;

- бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызмет;

- сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметі және делдалдық қызметі;

- құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметі;

- қаржы лизингі шеңберіндегі қызметті жүзеге асырмайтын салық төлеушілер.

Агенттік шарттардың (келісімдердің) негізінде қызмет көрсететін заңды тұлғалар арнайы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолдануға құқылы емес.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдануға:

- құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар;

- заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері;

- әртүрлi елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) салық салу объектiлерi бар салық төлеушiлер құқылы емес.

- басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалар;

- құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режимін немесе салық салу ерекшеліктерін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар;

- коммерциялық емес ұйымдар;

- ойын бизнесi салығын төлеушiлер құқылы емес.


2018-12-26 11:48:52

Сондай-ақ оқыңыз