Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Арнаулы салық режимiн қолданудың шарттары

Шағын бизнес субъектiлерiне арналған арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер мен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары шағын бизнес субъектiлерi деп танылады.

Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сәйкес келетін:

1) арнаулы салық режимi үшiн салықтық кезеңдегі жұмыскерлердiң орташа тізімдік саны:

оңайлатылған декларация негізінде – 30 адамнан;

тіркелген шегерімді пайдаланумен – 50 адамнан аспайтын;

2) арнаулы салық режимi үшiн салықтық кезеңдегі кірісі:

патент негiзiнде – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 300 еселенген мөлшерінен (8 485 200 тенге);

оңайлатылған декларация негізінде – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 2 044 еселенген мөлшерінен (57 812 496 тенге);

тіркелген шегерімді пайдаланумен – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 260 еселенген мөлшерінен аспайтын (346 761 840 тенге);

3) мынадай қызмет түрлерін:

акцизделетін тауарлар өндiруді;

акцизделетін тауарларды сақтауды және көтерме саудада өткiзуді;

мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты өткiзуді;

лотереялар өткізуді;

жер қойнауын пайдалануды;

шыны ыдыстарды жинауды және қабылдауды;

түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткiзуді;

консультациялық қызметтер көрсетуді;

бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызметті;

сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметін және делдалдық қызметін;

құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметті;

қаржы лизингі шеңберіндегі қызметті жүзеге асырмайтын салық төлеушілер қолдануға құқылы.

3. Агенттiк шарттар (келiсiмдер) негiзiнде қызмет көрсететiн дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға құқылы емес.

Агенттік шарттар (келісімдер) деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) түсініледі, олар бойынша бір тарап (агент) сыйақы үшін екінші тараптың тапсырмасы бойынша өз атынан, бірақ екінші тараптың есебінен не екінші тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттенеді.

4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдануға:

1) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар;

2) заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері;

3) әртүрлi елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) салық салу объектiлерi бар салық төлеушiлер құқылы емес.

Арнаулы салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі деп оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, тұрған жерінде стационарлық жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол стационарлық болып есептеледі.

Қызметін тек қана мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру бойынша жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды;

4) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалар;

5) құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режимін немесе салық салу ерекшеліктерін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар;

6) коммерциялық емес ұйымдар;

7) ойын бизнесi салығын төлеушiлер құқылы емес.

Дара кәсіпкердің шекті кірісі:

1) Салық Кодекстің 681-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектісінен;

2) дара кәсіпкердің негізгі құралдары болып табылатын мүлікті өткізумен және жарғылық капиталға берумен байланысты туындайтын, Салық Кодекстің 330-бабында көрсетілген құн өсімі түріндегі кірістерден;

3) Салық Кодекстің 366-бабына сәйкес айқындалатын кірістен тұрады.

Заңды тұлғаның шекті кірісі:

1) Салық Кодекстің 681-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектісінен;

2) Салық Кодекстің 241-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, осы Кодекстiң 7-бөліміне сәйкес айқындалатын жылдық жиынтық кірістен тұрады.

Шағын бизнес субъектісі болып табылатын дара кәсіпкер шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданған кезде салықтық есепке алуды оңайлатылған тәртіппен жүргізуге құқылы.

 

 

 

 

 

 


2018-11-22 11:24:38

Сондай-ақ оқыңыз