Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақ ішіндегі импорты және экспорты»

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасында тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемені орындауына салықтық бақылауды салық органдары салық төлеуші ұсынған салықтық есептіліктің, сондай-ақ мемлекеттік органдардан және өзге де тұлғалардан алынған салық төлеушінің қызметі туралы мәліметтердің және (немесе) құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шетел валютасындағы құны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым, салық салынатын импорт жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.Тауарлардың, оның ішінде оларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері сатып алынған тауарлардың құны негізінде айқындалады.Салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаты шарттың талаптарына сәйкес тауарлар үшін төленуге жататын мәміле бағасының негізінде сатып алынған тауарлар құнын айқындауды білдіреді.Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте сатып алынған тауарлардың құны және басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілсе, онда сатып алынған тауарлардың құны ғана салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.

Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына экспорттау кезінде қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі қолданылады.Шарттар бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын, аумағында оларды дайындау бойынша жұмыстар орындалған Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетілетін тауарларға қатысты да қолданылады. Көрсетілген тауарларға алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлар жатпайды.

Тауарлардың экспортын растайтын құжаттар:

- өзгерістер, толықтырулар және оларға қосымшалар ескеріле отырып, солардың негізінде тауарлар экспорты жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар) (бұдан әрі – шарттар (келісімшарттар), ал тауарлар лизингі немесе заттар түрінде қарыз берілетін жағдайда – лизинг шарттары (келісімшарттары), заттар түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар), тауарларды дайындауға арналған шарттар (келісімшарттар);

-аумағына тауарлар импортталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы, жанама салықтарды төлеу және (немесе) оларды төлеуден босату және (немесе) төлеудің өзге тәсілі туралы өтініш (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмелері) не өтініштер тізбесі (қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда);

-Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың өткізілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.

Тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесi арқылы немесе электр беру желiлерi арқылы экспорттаған жағдайда тауарларға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі ұсынылады;

-зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның зияткерлік меншік объектісіне құқығы туралы,
сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттаған жағдайда оның құны туралы растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.

 

 

   Барлық сұрақтар бойынша берілген телефонға хабарласуға болады: 6-55-21.


2018-11-09 11:57:14

Сондай-ақ оқыңыз