Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Халықтың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау

          Мемлекеттік басым міндеттерінің бірі салық салуды анық және сауатты басқару болып табылады, өйткені елдегі салық саясатының тиімділігі осы үдерісті ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Салық салу -  мемлекеттің ежелгі функциясы және қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму жолындағы  негізгі шартардың бірі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту мақсатында жеке тұлғалардың кірістеріне салық салуды толық ауқымды әкімшілендіру мәселесін шешуге арналған маңызды шарт халықтың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау болып табылады.

Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады. Жалпыға бірдей декларациялауға көшуді қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттер:

  • жалпыға бірдей декларациялауды енгізудің әдістемелік негіздерін әзірлеу және оларды заңнамалық қамтамасыз ету;
  • жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдауға және өңдеуге мемлекеттік органдарды дайындау бойынша іс-шаралар жүргізу;
  • кірістер мен мүлікті декларациялаудың халық үшін анағұрлым қолайлы рәсімін жасау;
  • жалпыға бірдей декларациялауға көшу мәселелері бойынша халықты кең ауқымда ақпараттандыру;
  • декларацияны толтыру және табыс ету бойынша халыққа мемлекет тарапынан әдістемелік көмек көрсету;
  • жеке тұлғалар декларациясын тиімді камералдық бақылау жүйесін құру болып табылады.

Кірістерді декларациялау Реализация декларирования доходов будет способствовать:

  • көлеңкелі экономикаға қарсы тұруға;
  • мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуіне;
  • салық базасын кеңейтуте және жеке табыс салығының бюджетке түсімін арттыруға;
  • қылмыстық іздестірулердің тиімділігіне;
  • Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің салықтық мәдениетін арттыруға ықпал ететін болады.

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялауды 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарланады. Жалпыға бірдей декларациялауға көшу жеке тұлғаларды салықтық әкімшілендіруді 100 пайызға қамтуға мүмкіндік береді, бұл жеке тұлғалардың салықты толық төлеуін қамтамасыз етеді, нәтижесінде жеке табыс салығы бойынша бюджет түсімдерінің ең төменгі өсімі 10 пайызды құрайтын болады.   

 

Жалпыға бірдей декларациялауды енгізген кезде  жеке тұлғалардың декларацияларын кім ұсынуға тиіс?

  • Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға ыхтиярхаты бар адамдар;
  • кәмелетке толмаған тұлғалар - оларға тіркелген мүлік болған немесе олар кіріс алған кезде;
  • шетелдіктер  - Қазақстанның аумағында мүлігі болған немесе өз бетімен (төлем көзінен емес) салық салуға жататын қазақстандық көздерден кіріс алған кезде. 

Жалпыға бірдей декларациялау кезінде жеке тұлғалар     қандай декларация  нысандарын тапсыруға тиіс?

Декларациялау жүйесіне енген кезде 2020 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын болады, онда меншік құқығындағы мүлікті, соның ішінде пәтерлерді, машиналарды, банктердегі салымдарды және т.б., сондай-ақ жеке тұлғаның 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша міндеттемелерін көрсету қажет. 

Кейіннен халық жыл сайын кірістер, сатып алған мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады. Бұл ретте жыл ішінде еңбек ақы, зейнетақы, стипендия алған және басқа кірістерді алмаған немесе мүлігін сатпаған тұлғалар  қандай да бір цифрларды көрсетуінсіз бір парақтағы  қысқаша декларацияны тапсыратын болады. Егер адамның кірістері молырақ болса, ол толық декларацияны ұсынуы тиіс.   

 

Декларацияларды ұсыну мерзімдері 

Жеке тұлғалардың декларацияны электрондық түрде ұсынуын ынталандыру мақсатында декларацияны ұсынудың 2 мерзімі көзделген:

  • 15 шілдеге дейін   – қағаз тасымалдағышта;
  • 15 қыркүйектен кешіктірмей   –  электрондық түрде.

Жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде қандай қосымша салық шегерістері көзделген және олар қашан енгізіледі?

Жеке тұлғалардың әлеуметтік  мүдделілігі мақсатында жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде қосымша салық  шегерістері көзделген:

  • көп балалы отбасылар  үшін ата –ананың бірінің күнтізбелік жыл ішіндегі  ең төмен еңбекақының 24 еселенген мөлшерінен артық емес көлемінде;
  • оқуды төлеуге – күнтізбелік жыл ішіндегі  ең төмен еңбекақының 10 еселенген мөлшерінен артық емес;
  • банктік қарыздар бойынша сыйақыны төлеуге  – ең төмен еңбекақының 10 еселенген мөлшерінен артық емес;
  • медициналық қызметтерге – күнтізбелік жыл ішінде белгіленген ең төмен еңбекақының 10 еселенген мөлшерінен артық емес.

Жалпыға бірдей декларациялауды 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асыру жоспарланғанын ескере отырып, қосымша салық шегерістері 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін болады.  


2018-10-31 16:00:34

Сондай-ақ оқыңыз