Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің салықтық міндеттемесін орындау

Дара кәсіпкер қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқанжеріндегі салық органына бір мезгілде:

 салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;

 таратудың салықтық есептілігін ұсынады.

 Таратудың салықтық есептілігі қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш ұсынылғансалықтық кезеңнің басынан бастап осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімітаратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталатын болса, мұндай кезекті салықтық есептілікті ұсынутаратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.

Егер таратудың салықтық есептілігінің алдында ұсынылғансалықтық есептілікте көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Қызметітоқтатылатын дара кәсіпкердің салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін салықтық тексеру жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.

Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің салықтық берешегі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кезектілік тәртібімен оның ақшасы, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақшасы есебінен өтеледі.

Егер қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары бар болса, көрсетілген сомалар қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің салықтық берешегін өтеу есебіне тәртіппен есепке жатқызылуға тиіс.

Егер қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары бар болса, онда көрсетілген сомалар тәртіппен есепке жатқызылуға тиіс.

Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салықтық берешек болмаған кезде:

салықтардың,бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың қате төленген сомалары тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;

салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдың артық төленген сомалары тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;

айыппұлдардың төленген сомалары айқындалған тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;

кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады.

Қызметітоқтатылған дара кәсіпкердің салықтық міндеттемесі салықтық тексеру аяқталғаннан кейін және салықтық берешек, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек, оның ішінде салықтық тексеру нәтижелері бойынша қалыптасқан берешек болмаған немесе олар белгіленген мерзімдерде өтелген кезде орындалды деп есептеледі.

Сәйкес салықтық міндеттеме орындалған күн дара кәсіпкерді салық органындағы тіркеу есебінен шығару күні болып табылады.

Салық органы салықтық міндеттемеорындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.

Белгіленген мерзімдерде төленбеген салықтық берешектің, әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.

 

 


2018-10-22 14:38:53

Сондай-ақ оқыңыз