Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау

Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың қызметiн бақылау бюджетке төленетiн төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ салық органдарына мәліметтердің анық және уақтылы ұсынылуы мәселелерi бойынша жүзеге асырылады.

Уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша салық органдарының бақылауды тағайындау туралы шешiмi уәкiлеттi мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшiн негiз болып табылады.

Шешім бақылауды жүзеге асыру басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда мемлекеттік тіркелуге жатады.

Салық органдарының шешiмде көрсетiлген лауазымды адамдары, осы бапқа сәйкес бақылау жүргiзуге тартылатын өзге де адамдар және уәкiлеттi мемлекеттік органдар бақылауға қатысушылар болып табылады.

Уәкiлеттi мемлекеттік органдар бақылауды жүзеге асыру кезінде салық органдарының бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi алуына, салық органдарының лауазымды адамдарын салық салу объектілерін зерттеп-қарауға жіберуге жәрдем көрсетеді.

Бұл ретте уәкiлеттi мемлекеттік органдарды бақылау салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердiң бір түрi бойынша да, бірнеше түрi бойынша да бір мезгiлде жүргiзiлуi мүмкiн.

Құжаттар мен мәліметтер алуға, сондай-ақ салық салу объектілерін зерттеп-қарауға кедергi келтірілген кезде салық органдарының лауазымды адамдарын бақылауды жүзеге асыру үшін жібермеу туралы акт жасалады.

Салық органдарының лауазымды адамдарын бақылауды жүргізу үшін жібермеу туралы актiге – бақылауды жүзеге асыратын салық органының және уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары қол қояды. Көрсетiлген актiге қол қоюдан бас тартқан кезде уәкілетті мемлекеттік орган бас тарту себебiне жазбаша түсiнiктеме беруге мiндеттi.

Уәкілетті мемлекеттік орган шешімнің данасын (көшірмесін) алған күн немесе уәкілетті мемлекеттік органның шешім данасына қол қоюдан бас тартуы туралы акт жасалған күн бақылау жүргiзудiң басталуы болып есептеледi.

Уәкілетті мемлекеттік орган шешімінің данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, салық органының бақылау жүргiзетiн жұмыскерi куәгерлердi (кемінде екеу) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акт жасайды.

Уәкілетті мемлекеттік органның шешімді алудан бас тартуы салықтық бақылаудың күшін жоюға негіз болып табылмайды.

Бақылауды жүргiзу мерзiмi уәкiлеттi мемлекеттік органға бақылауды тағайындау туралы шешiм табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Бақылауды тағайындаған салық органы көрсетiлген мерзiмдi елу жұмыс күнiне дейiн ұзартуы мүмкiн.

Уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін бақылау жылына бір реттен жиі жүзеге асырылмайды.

Бақылау жүргiзу мерзiмiнiң өтуі уәкiлеттi мемлекеттік органға салық органының құжаттарды ұсыну туралы талаптарын табыс ету күнi мен уәкiлеттi мемлекеттік органның бақылауды жүргiзу кезiнде сұратылатын құжаттарды ұсыну күнi арасындағы, сондай-ақ салық органының басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға сұрау салуды жiберу күні мен көрсетілген сұрау салу бойынша мәлiметтер мен құжаттарды алу күні арасындағы уақыт кезеңiне тоқтатыла тұрады.

Бақылау мерзiмiн тоқтата тұру (қайта бастау) кезінде салық органдары уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлама жібереді.

Бақылау мерзімін, кезеңін ұзарту, тоқтата тұру және (немесе) бақылауға қатысушылардың тізімін өзгерту кезінде шешімге уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қосымша шешім ресімделеді.

Бақылау аяқталған соң салық органының лауазымды адамы бақылау актiсiн жасайды.

Уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы бақылау актісінің данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, салық органының бақылауды жүзеге асыратын жұмыскерi куәгерлердi (кемінде екеу) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акт жасайды.

Бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар болған кезде салық органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап шығарады.

Талап тексерілетін уәкiлеттi мемлекеттік органның бірiншi басшысына (бірiншi басшыны алмастыратын адамға) бақылау актiсi табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрілмей, жеке өзіне қолын қойғызып не жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсiлмен жiберiлуге тиiс.

Талапты уәкiлеттi мемлекеттік орган табыс етілген (алынған) күнінен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде орындауға тиіс.

Уәкiлеттi мемлекеттік органдар салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ мәліметтердің салық органдарына анық және уақтылы ұсынылуы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

 

 

Аңықтама телефоны: 6-55-21.


2018-10-22 10:20:30

Сондай-ақ оқыңыз