Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Эксаумақтық» ұстаным

Қазіргі уақытта Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Батыс-Қазақстан, Оңтүстік Қазақстанжәне Солтүстік Қазақстан облыстары аумақтарында эксаумақтық ұстанымда мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жоба жұмыс  істеуде.

Эксаумақтық – салық төлеушінің тіркелген немесе тұрғылықты жеріне қарамай ақақпаратты, қызметті немесе қызмет көрсетуді алу кезіндегі еріктілігі.       

        Эксаумақтық ұстаным бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша пилоттық жоба енгізу, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібің оңтайлаидыруға және жеңілдейуге бағытталған.

       Тіркелген немесе тұрғылықты жеріне қарамай ақ,жоғарыда көрсетілген облыстардың қалалары мен аудандарыаумағында, алуға болатын пилоттық жобадакөрсетілетін  мемлекеттік қызметтердің тізімі:

Мемлекеттік  кірістер басқармаларында алуға болатын:

-  Салық төлеушілерді тіркеу;

-  Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы жеке шоттан көшірме беру;

-  Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру;

-  Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау);

-  Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру;

-  Салық есептілігін қабылдау;

-  Салық есептілігін керi қайтарып алу;

- Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу;

- Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту;

- Кеден одағы шеңберінде тауарларды экспорттау ҰимпорттауҚ үшін салық салу нысандарын қабылдау.

Мемлекеттік кірістер департаменттерінде алуға болатын:

- Қазақстан Республикасының резинденттігін растау;

- Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару.


2018-10-12 12:34:39

Сондай-ақ оқыңыз