Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату

Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату белгіленген камералдық бақылау жүргізілмей, мына құжаттардың бірі жүзеге асырылуы керек:

салық төлеушінің қызметті тоқтату туралы салықтық өтініші;

көзделген жағдайларда – салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште немесе патент құнының есеп-қисабында қамтылған жазбаша келісімнің негізінде жүзеге асырылады.

Қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келуі керек:

қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;

бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;

көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын;

тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша салықтық тексерулер жоспарында немесе ішінара салықтық тексерулер тізімінде жоқ;

салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдер деңгейі жоғары емес дара кәсіпкерлер қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.

Көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде дара кәсіпкер өзінің орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:

қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

таратудың салықтық есептілігін;

Тәртіппен бақылау-кассамашинасын (ол бар болған кезде) есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.

Таратудың салықтық есептілігі қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған салықтық кезеңнің басынан бастап осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталатын болса, мұндай кезекті салықтық есептілікті ұсыну таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Егер таратудың салықтық есептілігінің алдында ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Салық органы сәйкес салықтық міндеттеме орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады:

Салық органы көзделген шарттарға сәйкес келмеген кезде және (немесе) қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап үш жүмыс күні ішінде талаптары орындалмаған кезінде;

салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде  көзделген талаптар орындалмаған кезде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартады және уәкілетті органның интернет-ресурсында ақпаратты орналастырады.

Мынадай жағдайларда патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын және патенттiң қолданылу мерзiмi өткен немесе қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде патент құнының кезекті есеп-қисабын ұсынбаған жағдайда;

салықтық есептілікті ұсынуды  тоқтата тұрған және қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталғаннан кейін салықтық есептілікті ұсынудың осы  өткен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде салықтық есептілікті ұсынбаған дара кәсіпкерлер көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.

Көрсетілген жағдайларда, дара кәсіпкердің орналасқан жеріндегі салық органы дара кәсіпкер ретіндегі тіркеу есебінен шығаруды:

көзделген шарттарға сәйкес келген кезде;

салық органында тіркеу есебінде тұрған бақылау-кассамашинасы болмаған жағдайда;

белгіленген мерзімдердің біреуі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Дара кәсіпкерді айқындалған тәртіппен тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат белгіленген мерзімдердің біреуі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

Салық төлеуші көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеген уақытта;

көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде соңғы патенттің қолданылу мерзімі өткен кезде (қызметті тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда);

Көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде  салықтық есептілікті ұсынуды  тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған болып танылады.

Салық органы дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылғаннан кейін талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, дара кәсіпкер ретінде тіркелу кезеңінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар, бюджетке төленетін төлемдер және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық міндеттемелерді есептеуді жеке тұлға оларды төлеу бойынша міндеттемелер туындаған кезге қолданыста болатын салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.


2018-10-02 09:13:39

Сондай-ақ оқыңыз